Мамыр мерекелеріне орай демалыс күндері белгіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мамыр мерекелеріне орай демалыс күндері белгіленді ©Нұрғиса Елеубеков

Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімов мамыр мерекелеріне орай демалыс күндерінің ауысуы туралы Үкімет қаулысына қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасай отырып. 


"Қазақстандық еңбек етуші  азаматтарға мамыр айындағы мерекелерде демалыс күндері және жұмыс уақыты қолайлы болуы үшін 4 мамыр жексенбі, демалыс күні 2014 жылдың 2 мамырына ауыстырылды. Сондай-ақ 11 мамыр жексенбі, демалыс күні 2014 жылдың 8 мамырына, яғни бейсенбі күніне алмастырылды" делінген хабарламада. Сонымен қазақстандықтар 1-3 мамыр аралығында және 7-10 мамыр аралығында демалатын болды. 

Қаулыға сәйкес күнделікті өндірісті қаржылық, материалдық өнімдермен қамтамасыз ететін кейбір ұжымдар, басқа да қызмет көрсету салалары кәсіподақ мекемелерінің келісімімен 2014 жылдың 2-8 мамыр аралығында жұмыс істей алады. 

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында қазақстандықтар үш бірдей мерекені тойлайды: 1 мамыр – Қазақстан халықтары бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Ұлы Жеңіс мерекесі. 

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +19
Астана +16
Ақтау +22
Ақтөбе +18
Атырау +23
Б
Балқаш +17
Ж
Жезқазған +15
Қ
Қарағанды +17
К
Көкшетау +15
Қ
Қостанай +25
Қызылорда +18
П
Павлодар +17
Петропавл +19
С
Семей +20
Т
Талдықорған +20
Тараз +20
Түркістан +19
О
Орал +20
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +22

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер