1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Маңғыстау әкімдігінің қызметкерінен коронавирус анықталды01 маусым 2020, 19:16

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Маңғыстау облысы әкімдігінің қызметкерінен коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл ақпаратты аймақтың ішкі саясат басқармасындағы мамандар растады.

Ведомствоның хабарлауынша, әкімдік күшейтілген карантин режиміне ауысқан.

"Қызметкерлердің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеп жатыр. Әкімдік ғимаратына тек маскамен кіргізіледі, сондай-ақ бөгде адамдарға кіруге болмайды", - деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасындағылар.

Сондай-ақ, қызметкер коронавирусты өзінің күйеуінен жұқтырған. Қазір онымен байланыста болған адамдарды дәрігерлер бақылап отыр.

"Науқаспен қарым-қатынас жасағандарды анықтап жатырмыз. Ауру ошақтарында дезинфекция жасалды. Эпидемиологиялық шаралар жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Еске салайық, соңғы мәліметтерге сүйенсек, елімізде 11308 адамнан коронавирус анықталды. 5458 адам аурудан айықты, 41 науқас қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Алматыда митинг өтті