11 желтоқсан 2017 13:47

Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құрманбек Жұмағалиұлы Құрманбек Жұмағалиұлы

Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін аймақ басшысы Ералы Тоғжанов аппараттық жиында облыстық ішкі саясат басқармасының жаңа басшысын таныстырды.

Бұған дейін жарты жыл бойы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған Жұмағали Құрманбек Жұмағалиұлы енді басқарма басшысы лауазымына тағайындалды.

Жұмағали Құрманбек Жұмағалиұлы  1985 жылы 7 тамызда дүниеге келген. 2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған.

Масс-медиа және телеменеджмент саласында 10 жылға жуық тәжірибесі бар.
2004-2007 жылдар аралығында - "Қазақстан" РТРК" АҚ-да бағдарламалардың редактор - жүргізушісі;
2007-2013 жылдары "Қазақстан" РТРК» АҚ-ның ақпараттық бағдарламалар Дирекциясының продюсері, "Хабар" агенттігі" АҚ қорытынды жаңалықтар жүргізушісі;
2013-2014 жылдар аралығында Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі;
2014-2015 жылдары "Қазақстан" РТРК» АҚ-ның ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар Дирекциясының директоры, "Сенбілік кездесу" ток-шоуының жүргізушісі;
2015 жылы "Қазақстан" РТРК" АҚ аймақтық дамыту Дирекциясының директоры;
2017 жылы "Алматы" телеарнасы Бас директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Ал 2017 жылдың мамыр айынан бастап Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети