14 наурыз 2017 09:06

Маңғыстау облысында Амал мейрамы тойланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Маңғыстау облысында Амал мейрамы тойланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Маңғыстау облысында Амал мейрамы тойланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Дәстүр бойынша жыл сайын 14 наурызда Қазақстанның батыс өңірлерінде тұрғындар Амал мейрамын тойлай бастайды. Бұл мереке көктемнің келуімен байланысты. Наурыз мейрамына сегіз күн қалғанда республиканың батысында ән, би, спорт жарыстары және дастархан жайылып, мерекелеу басталып кетеді.  

Амалға байланысты негізгі мерекелер Отпан тауда өтеді. Бүгін түнде бірлік алауы жағылды. Қаратаудың ең биік шыңдарының бірі. Сол биік шыңды халықтың сыртқы жаудан қорғанатын тұғырына айналдырып, бабалар жау келген жағдайда Ұран от жаққан. Ал қазір мұнда тек Амал мейрамында от жағылады.

"Маңғыстау өлкесінің ескі Қаратау бойындағы ең биік шоқыларының бірі. Халық аузында Отпан тау туралы әңгіме желісі өте ескіден бастау алады және әртүрлі бағытта баяндалып, киелі мекен ретінде аңыздарға арқау болады. От-Ман атауының өзі тым ежелгі тарихтың куәсі екендігінің айғағы. Отпан таудың биік шоқысында Бірлік оты жағылып, халықты сыртқы жаудың бейқұт шабуылынан қорғануға шақырудың амалдары жасалынған. Ел қорғаған ерлердің табан еті мен маңдай терінің ізі қалып, жүректеріндегі Ар мен Намыстың, Елдіктің Рухы сіңген жер. Бабаларымыздың Ұлы Даланы ұрпаққа аманаттап аман-есен тапсыру үшін, түн ұйқысын төрт бөліп ұлтымызға тән Береке-бірлік пен Бейбітшіліктің туын құлатпай Көкбөрідей жортуылдап, Арыстандай айбат шегіп, Жолбарыстай жағаласып, Қырандай қырағылық танытып, ұран салып өткен жері", - делінеді "Қарапайым қағидалар" кітабы жинағында (© 7292info.kz). 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети