07 қыркүйек 2018 09:24

Маңғыстау облысында еңбек ардагері өз үйінде музей ашқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

©24.kz ©24.kz

Маңғыстау облысының Құрық ауылының ардагері өз үйінде музей ашқан. Ішінде ол геологтардың экспонаттарын сақтайды екен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшсі 24.kz телеарнасына сілтеме жасап. 


Маңғыстау облысының Құрық ауылының ардагері өз үйінде музей ашқан. Ішінде ол геологтардың экспонаттарын сақтайды екен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшсі 24.kz телеарнасына сілтеме жасап. 

Бұрынғы геолог Тұрсынғали Көшенов Жетібай мен Қаламқас кен орындарын ашушылардың бірі. Ауданның құрметті азаматы өскелең ұрпаққа геология ғылымы жайлы және жаңалық ашушылар туралы айтып беруді өзінің міндеті санайды екен. Сондықтан ардагер ауданда бірінші рет өз үйінде музей ашуды ұйғарған. Барлық экспонат зейнеткердің үйінде орналасқан екен. 

Кезінде геологиялық экспедиция құрамында болған Тұрсынғали Көшенов өңірдегі жүзден астам кен орнын ашқан екен. Олардың 30-ға жуығы әлі күнге дейін жұмыс істейді және ол жерде мұнай мен газ өндіріледі. Жұмыс істеп жүрген кезінде Тұрсынғали әрбір ашық кен орнынан мұнай алып отыруды ұйғарған. Сөйтіп, қазір кен орындарның саны онға жеткен. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін өз әріптестерінің өмірбаянын, сондай-ақ жаңалық ашушылар қолданған тұрмыстық заттарын жинай бастаған. Осылайша, үй музейінің тарихы басталған. 

"Менің музейім алғаш кен орындарын ашқан геологтардың өмірі мен жұмысы қазіргі уақытта мұнай-газ саласында жұмыс істеп жатқандардан қарағанда әлдеқайда қиын екенін көрсетеді", - дейді геолог Тұрсынғали Қөшенов.

Қазір зейнеткер геологтардың өмірі мен жұмысына қатысты әр экспонатты жинап жүр. Оның жинағында шойын шәйнек, примус, зілбалдалар бар. Ауыр құралдарды ардагер гаражда сақтауға мәжбүр. Алайда, көп ұзамай бұл экспонаттар жаңа ғимаратқа көшеді.

Әлеуметтік мекемелердің бірінде арнайы музей үшін үш бөлме бөлінді. Солардың бірінде Тұрсынғалимен бір командада жұмыс істеген 37 геологтың фотосуреттері мен құжаттары және жеке заттары сақталатын болады. Ең құнды экспонатқа геологиялық карта жатады екен. Карта бойынша болашақта алдағы 200 жылдағы кеніштерді көрсетеді.

Зейнетке шыққаннан кейін Тұрсынғали өзінің ауласында минерал су бұлағының қайнар көзін тапқан. Жұбайының сұрауы бойынша, бұл жерде емдеу орталығын ашқан екен. 

Әйелімен Тұрсынғали экспедиция кезінде танысып, қазір алты баланы тәрбилеп өсірген. Қазіргі уақытта немерелері мен шөберелерін тәрбиелеп отыр. Жақында Көшеновтер отбасы "Мерейлі отбасы" атты республикалық байқауының облыстық кезеңінде бірінші орын алған. Енді олар аймақ намысын Астанада қорғайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети