09 мамыр 2023 14:06

Маңғыстау облысында Жеңіс күнін ҰОС-ның үш ардагері атап өтті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында Жеңіс күнін үш соғыс ардагері мен 510 тыл еңбеккері тойлайды. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 78 жыл толуымен құттықтауында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.


Маңғыстау облысында Жеңіс күнін үш соғыс ардагері мен 510 тыл еңбеккері тойлайды. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 78 жыл толуымен құттықтауында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

"Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, маңғыстаулықтар! Сіздерді 9 мамыр - Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 78 жыл толып отыр. 9 мамыр - мәңгілік ата-бабаны еске алатын және мақтан ететін қасиетті күн болып қала бермек. Бұл өткенді еске алатын және болашаққа үміт артқан күн.

Бұл күні біз Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, барша тыл еңбеккерлеріне, жауынгерлердің жесірлеріне тағзым етеміз.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "9 мамыр - фашизмді жеңген қаһармандардың ержүрек ұрпағын мәңгілік есте сақтап алғыс айтатын күні. Жеңіс ғажайып күш-жігер мен орасан құрбандықтардың арқасында қол жеткізілді", – деген болатын.

Өкінішке қарай, жыл өткен сайын Ұлы Отан соғысының ардагерлері азайып барады. Биыл Жеңістің 78 жылдығын Маңғыстау облысында тұратын үш ардагер мен 510 тыл еңбеккері ғана тойлайды.

Жеңіс күні көзі тірі майдангерлерге - Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне алғыс айтуымыз керек. Біз оларды еске аламыз және мақтан тұтамыз.

Құрметті ардагерлер! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, қамқорлық пен жылулыққа бөленулеріңізге тілектеспін!", - делінген әкімнің құттықтауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети