15 маусым 2021 16:06

Маңғыстау облысында тұрғындар малға шөп орнына картон беруге мәжбүр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Маңғыстау облысында тұрғындар малға жем-шөптің орнына картон беруге мәжбүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Маңғыстау облысында тұрғындар малға жем-шөптің орнына картон беруге мәжбүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде түйелер мен жылқылардың картон жеп тұрғаны түсірілген видео таралды. Видео авторының айтуынша, фермерлер қиын жағдайдан осылай шығуға мәжбүр. Ол өңірде жем-шөп тапшы екенін айтады. Сондай-ақ, видеода биыл жауын-шашын болмай жайылымдар құрғап қалғаны айтылған.

"Жылқы мен түйеге жем-шөп тапшылығына байланысты беретін ештеңе жоқ", - делінген жазба сипаттамада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🇰🇿© ZTB QAZAQSTAN 2021 (@ztb_video)

Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы ресми түсініктеме алу үшін Маңғыстау облысының әкімдігіне жүгінді. Алайда жергілікті атқарушы органның баспасөз қызметі әр тұрғынның әрекетіне түсінік бере алмайтынын айтты.

"Олар не істеу керегін өздері біледі. Биыл өңірде құрғақшылық болды. Бірақ қазіргі уақытта өңірге шөп жеткізіліп жатыр. Ақтөбе облысынан кәсіпкерлер жем-шөп әкеледі", - деді баспасөз қызметі өкілі.

Сондай-ақ, өңірлік ауыл шаруашылығы басқармасы әлеуметтік желілерде көрші облыстардан жем-шөп күнделікті жіберіліп жатқаны туралы ақпарат жариялаған.

Фото: Маңғыстау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасынан

Бұған дейін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов брифингте жем-шөп қорын арттыру үшін жергілікті бюджеттен 200 миллион теңгеден аса қаражат бөлінгенін айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети