05 қаңтар 2022 11:50

Маңғыстау облысының коменданты тұрғындарға бейнеүндеу жолдады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысы полиция департаментінің басшысы Жанарбек Бақтыбаев тұрғындарға видеоүндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап.


Маңғыстау облысы полиция департаментінің басшысы Жанарбек Бақтыбаев тұрғындарға видеоүндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Аймақтың бас полицейі арандатушылардың сөзіне ермеуге, қандай да бір заңбұзушылықтарға бой алдырмауға шақырады.

"Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары. Сіздерге үндеу жолдап тұрған полиция департаментінің бастығы. Біздің облысымызда ерекше құқықтық режим белгіленген төтенше жағдай енгізілді. ҚР Президентінің Жарлығымен мен Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев Маңғыстау облысының коменданты болып тағайындалдым. Төтенше жағдайды енгізудің мақсаты - тиісті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай кезінде бірқатар уақытша шектеулер енгізілді. Енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Бұл сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ету үшін жасалады. Сіздерден арандатушылықтарға және тәртіп бұзушылықтарға жол бермеулеріңізді сұраймын", - деді Жанарбек Бақтыбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети