22 желтоқсан 2017 09:54

Маңғыстауда "Жыл адамы-2017" байқауының жеңімпаздары анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі © Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Маңғыстауда "Жыл адамы-2017" байқауының жеңімпаздары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ақтауда "Жыл адамы-2017" байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі салтанатты түрде өтті. 


Маңғыстауда "Жыл адамы-2017" байқауының жеңімпаздары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ақтауда "Жыл адамы-2017" байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі салтанатты түрде өтті. 

Сайыстың мақсаты - өңірдің экономикалық, әлеуметтік, рухани дамуына үлесін қосып, елдің тыныс-тіршілігіне көмегін тигізіп отырған азаматтардың еңбегін бағалап, арнайы марапаттар арқылы мерейін өсіріп, қанаттандыру.

Байқауға Маңғыстау облысында тұрақты тұратын, жыл бойы үздіксіз еңбек еткен, өз саласының майталмандары қатысты.

 Конкурсқа өңірдің әр түкпірінен 1 қараша мен 10 қараша аралығында 50-ге жуық өтініш келіп түскен. Сайыстың 1-кезеңінде үміткерлерді сараптау комиссиясы іріктеген болатын. Ал, 2-кезеңде ұйымдастыру алқасы жеңімпаздарды әр номинация бойынша анықтаған.

Осы жылы "Жыл адамы-2017" атағына 19 үміткер лайық деп танылды. Әр номинация жеңімпаздарына диплом, естелік сыйлығы мен ақшалай қаражат табысталды.

"Баршаңызды еліміздің айтулы мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Елбасымыз айтқандай, "Ел қуатты болмай, бақ тұрақты болмайды. Тұрақтылық - бірлік пен татулық болған жерде ғана жүреді". Егемен елдің өрлеуі мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып, азат елдің аяғына нық тұруына атсалысқан азаматтардың ғибратты ғұмыры бұған дәлел болмақ. "Ісі кенеулінің еңбегі елеулі" дейді дана xалқымыз. Сан салаға серпін беріп, тың тыныс әкелген, зор қажыр-қайрат, ерекше ерік-жігер танытқан еңбекқор жандар есімі ел жадында мәңгі жаңғырмақ. Ел игілігі үшін еңбек ету - асыл іс. Осы орайда, біздің өңірде білікті де білгір, бәсекеге қабілетті өз ісінің шеберлерін сый-құрметке бөлеу – бірнеше жылдан бергі игі дәстүр. Бұл дәстүр адал еңбекпен абыройлы іске бас болған жандарды жаңа табыстарға ынталандырып, өскелең ұрпақты отансүйгіштік қасиетке баулитын өнеге болары анық", - деді аймақ басшысы Ералы Тоғжанов.

Марапаттау рәсімінен соң Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов айтулы "Мен Қазақпын" жобасының жеңімпазы Оспан Құлсымаққа ат мінгізді.

"Жыл мұғалімі" - Бейнеу политехникалық колледжі, "Компьютер құрылғыларына қызмет көрсету технигі" мамандығының арнайы пән мұғалімі Елмұрат Аяпов;

"Жыл тәрбиешісі" - Қарақия ауданы, "Болашақ" балабақшасының тәрбиешісі Гүлайым Бөлтекова;

"Жыл ғалымы" - Ш. Есенов атындағы КМТжИУ "Физика және математика" кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Асыл Касаева;

"Жыл дәрігері" - "Жаңаөзен Қалалық Орталық Аурухана" ШЖҚ МКК, жан сақтау бөлімінің меңгерушісі Аманбай Орыналиев;

"Жыл медбикесі" - Түпқараған аудандық орталық ауруханасының учаскелік мейірбикесі Қатира Епенова;

"Жылдың үкіметтік емес ұйымы" - "Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы" ЗТБ президенті Жібек Ахметова;

"Жыл журналисі" - "Хабар Агенттігі" АҚ Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі Гүлмира Әбішева;

"Жыл спортшысы" - Каратэ-додан әлем чемпионы, Азия чемпионы, Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы Еркінбек Байтөреев;

"Жыл полицейі" - Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасы, тергеу бөлімінің аға тергеушісі, полиция майоры Нұржан Шүренов;

"Жылдың мәдениет және өнер қызметкері" - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М. Өскінбаев атындағы филармониясы ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі, әрі бас дирижеры Рахат Мадреев;

"Жыл фермері" - Бейнеу ауданы, «Берген Бек» ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы Керуен Қырымқұлов;

"Жыл жебеушісі" - "PRESTIGE" компаниясының бас директоры Ирина Беляева;

"Жылдың үздік әлеуметтік қызметкері" - Мұнайлы ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры Зәуреш Нұрболат;

"Жыл мұнайшысы" - "Өзенмұнайгаз" АҚ, инженерлік-технологиялық қызмет орталығының басшысы Асылбек Айтмамбетов;

"Жыл құрылысшысы" - "Актау НШ" ЖШС директорының кеңесшісі Нұрбек Күншығаров;

"Жылдың үздік тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық қызметкері" - "Маңғыстау Жылу"МКК, жылумен, кәріз жүйесімен қамтамасыз ету учаскесінің учаске басшысы Мақсат Құлшықов;

"Жылдың әскери қызметкері" - "Жағалау күзеті өңірлік басқармасы" РММ, әскери психолог, майор Руслан Бәйімбетов;

"Жыл кәсіпкері" - "Нейрон" ЖШС бас директоры Гүлшара Чагай;

"Жыл жаналығы" - "Мен Қазақпын" жобасының жеңімпазы Оспан Құлсымақ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети