Мақсат Үсенов 20 тәулік қамаудан соң бостандыққа шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мақсат Үсенов 20 тәулік қамаудан соң бостандыққа шықты СТВ телеарнасының кадры

Медициналық куәландырудан өтуден бас тартқаны үшін 20 тәулікке сотталған Мақсат Үсенов Алматының Лобачевский көшесіндегі арнайы қабылдағыштан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Медициналық куәландырудан өтуден бас тартқаны үшін 20 тәулікке сотталған Мақсат Үсенов Алматының Лобачевский көшесіндегі арнайы қабылдағыштан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, Мақсат Үсенов 15 қараша күні жол-көлік оқиғасын тағы жасаған еді. Ол Mercedes автокөлігімен қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, 38 жастағы әйел мінген Toyota RAV4-ке соғылды. Әйел бас жарақатымен ауруханаға жеткізілді, ол сол күні ауруханадан шығарылды. Сот-медицина сарапшылары зардап шегушінің денсаулығына келген зиянның деңгейін анықтауға кіріскен болатын. 

Мақсат Үсеновтің өзі жол-көлік оқиғасынан соң көлік жүргізгенін жасырмақ болды. Ол жолаушы отыратын орынға ауысып алған, сол күні өткен сотта ол рульде басқа адамның отырғанын айтты. Мақсат Үсенов медициналық куәландырудан өтуден бас тартты. Сол үшін сот оған 20 тәулікке қамау жазасын берді, ол 15 қараша күнгі сағат 05.00-тен бастап есептелді. 

2013 жылдың соңында Мақсат Үсенов BMW X6 көлігімен алты адамды қағып кеткен еді. Олардың бірі қайтыс болды. Бес адам жарақат алды. Бұл дерек бойынша іс сотқа жетпеді. Тараптардың ымыраласуына байланысты қылмыстық қудалау тоқтатылды. Жол апатына кінәлі Үсенов 45 тәулікке қамалып, 2017 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылды. Кейін бұл құқықтан тағы бір жылға айырылды. Шығынның өндірілуіне байланысты жәбірленуші тарап кінә қоюдан бас тартты.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети