27 қазан 2023 11:15

Марат Бекетаевтың ұсталуы: жаңа мәліметтер белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Марат Бекетаевтың ұсталуына қатысты жаңа мәлімет белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Марат Бекетаевтың ұсталуына қатысты жаңа мәлімет белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет экс-әділет министрі Марат Бекетаевтың ісіне қатысты жаңа мәлімет берді.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Әділет министрлігінің бұрынғы басшысына қатысты қызметтік өкілетін асыра пайдаланды (ҚР ҚК-ның 361-бабы, 4-бөлігі, 3-тармағы) бойынша соталды тергеу басталған.

"Бұл ретте М. Бекетаев ұзақ уақыт елден тыс жерде болды. 2023 жылғы қазанда М. Бекетаев Қазақстанға оралды. Бірақ көп ұзамай елден қайта кетуге әрекеттенді. Стамбул арқылы транзитпен Астана-Лондон бағытына рейске әуе билеттерін сатып алған", - делінген Антикордың Tengrinews.kz редакциясының сұрауына ресми жауапта.

Ресми мәлімет бойынша, Марат Бекетаевты Астана халықаралық әуежайында рейске тіркелу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері ұстаған.

"22 қазанда Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Өзге мәлімет ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды", - деп қосты Антикор.

Tengrinews.kz тілшісіне белгілі мәлімет бойынша, Марат Бекетаев Қазақстанға қамауға алынардан бірнеше күн бұрын келген.

"Конституцияның 77-бабы 3-тармағы 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін бәрі кінәсіз деп есептеледі"

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети