Марченко: Девальвация жайлы қауесетті айырбас пункттері таратты

07 Тамыз 2014, 17:54
0
Марченко: Девальвация жайлы қауесетті айырбас пункттері таратты - Григорий Марченко. ©tengrinews.kz
Григорий Марченко. ©tengrinews.kz

ҚР Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Григорий Марченко жуырдағы девальвация туралы қауесеттерді айырбас пункттері иелерінің туғызғанын айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz. Бұл туралы экс-төраға "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Григорий Марченкоға ұлттық валютаның курсына қатысты соңғы оқиғалар туралы сұрақ қойылды. "Айырбас пункттері мен банк иелері қашанда нарықты "шайқауға" тырысады, бірақ оларды бәрінен бұрын валюта бағамының құбылуы көбірек қызықтырады, курс біресе жоғары, біресе төмен кетіп отырса, оларға тиімді, өйткені мұндай кезде адамдар күйгелектене бастайды, ал олар содан пайда көреді. Бізде 2009 жылдың ақпанының соңында сондай бірнеше жағдай болды, қазір де солай, міне, соңғы бірнеше аптада қауесет тарап тұр, девальвацияның екінші толқынының міндетті түрде болатыны туралы қауесеттерді айырбас пункттері иелерінің туғызғаны анық, әрине олардың айтқаны келмеді. Бірақ оларға девальвацияның болғаны да қажет емес, олар сол қауесеттерден-ақ пайда тапты", - деп мәлімдеді Григорий Марченко.

Ұлттық банктің экс-басшысымен болған сұхбаттың негізгі тақырыбы - Ресейге қарсы санкциялар. Айта кетейік, Ресей өз кезегінде қарымта шараларды қолға алған еді - ол өз аумағы арқылы транзит рейстерін шектеп, санкция қолданған елдерде өндірілген тағам өнімдерінің кей түрлерінің импортына тыйым салды. Григорий Марченко ресейліктерге тауарлардың көп бөлігін жақын шетелдерден, айталық, Қазақстаннан тасымалдауға кеңес берді.

"Айтпақшы, америкалық генетиктер алманың әлемде ең алғаш Алматы түбіндегі Іле Алатауының екі шатқалында өсірілгенін дәлелдеген болатын. Алманы бізден сатып алыңыздар, қой етін де. Сондай-ақ Ресейден, Орталық Азиядан, Қытайдан да көп өнімдер, тауарлар мен қызмет түрлерін сатып алуға болады", - деді Григорий Марченко.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай