20 ақпан 2019 15:24

Мәселені биыл шешеміз - Министр шенеуніктердің смартфон қолдану құқығы жайлы

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© фото: pexels.com © фото: pexels.com

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мемлекеттік қызметкерлерге смартфонды жұмысқа әкелудің заңды жолын тапқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мемлекеттік қызметкерлерге смартфонды жұмысқа әкелудің заңды жолын тапқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің министрлік осы бағдарламаларды шешуге жауапты. Қазіргі уақытта біз мемлекеттік қызметкерлерге смартфонды жұмысқа алып келу шешімін таптық. Бастапқы жұмыстар жасалды, ол сәтті болды. Бізге кейбір мәселелерді шешу үшін ұзақ уақыт керек. Бірақ бұл мәселені биыл шешеміз деп ойлаймын", - деді министр.

Абаевтың сөзінше, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі смартфонға байланыс ұсынысты енгізбес бұрын, оны бастапқы уақытта 10 мемлекеттік қызметкерге сынап көрген.

"Осыдан кейін минстрлікке енгізуді жоспарлап жатырмыз", - деді ол. 

Айта кетейік, Асқар Жұмағалиев мемлекеттік қызметкерлерге жұмыста смартфонды қолдану құқығы үкімет қаулысымен мақұлданды деген. Бірақ ол смартфонның кейбір қызметтеріне шектеу қойылады деген.

Еске алайық, смартфон, планшет, смарт-сағаттарды мемлекеттік мекемелерде қолдануға тыйым 2016 жылдың наурызында қабылданған. Бұл іс-шара мемлекеттік қызметкерлердің ұялы телефондарды қызметтік мақсатта және қызметтік ақпараттың WhatsApp арқылы таралып жатқандығы байланысты жасалған. Мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс уақытында ұялы телефонда тек қоңырау шалу/жауап беру/хабарлама қызметтерін қолдануға болады. Бірақ құрылғы фото, бейнежазбамен қамтылмауы тиіс. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети