21 мамыр 2021 16:13

Маск қазақстандық студенттің сұрағына жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Америкалық миллиардер, Tesla, SpaceX және Neuralink компаниясының негізін қалаушы Илон Маск қазақстандық студент Әмірәлі Қожағұловтың жасанды интеллектті дамыту туралы сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Америкалық миллиардер, Tesla, SpaceX және Neuralink компаниясының негізін қалаушы Илон Маск қазақстандық студент Әмірәлі Қожағұловтың жасанды интеллектті дамыту туралы сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Косыгин атындағы Ресей мемлекеттік университетінің студенті Әмірәлі Қожағұлов Илон Масктан адам санасының дамуы туралы және жасанды интеллект оған қаншалықты көмектесе алатынын сұрады.

"Әрине, жасанды интеллект уақыт өте келе бүгінде адам үшін іш пыстырарлық және қауіпті болып саналатын көптеген мәселені шешуі керек. Бұған дейін айтқанымдай, көліктердің адам басқаруынсыз жүруі қалыпқа айналады немесе мысалы лифт операторлары болмайды, олар қозғалуы үшін арнайы қосу аппараттары болады. Қазірдің өзінде ол қалыпқа айналған. Бұл көліктерге де қатысты. Көлік жүргізу басқаша болады", - деді Маск. 

Сонымен қатар, Илон Маск болашақта гуманоид роботтар болатынын айтты.  

"Жасанды интеллект "екі жақты қылыш" екені анық. Біз жасанды интеллектпен жақсы, дұрыс өмір сүретінімізге көз жеткізуіміз керек.

Менде Neuralink атты шағын компания бар. Ол адам машиналарын жетілдіруге бағытталған. Біз қазірдің өзінде сол ғасырда тұрмыз. Бір мағынада бізде ақыл-ойдың үш деңгейі бар: инстинкттер, ми қыртысы және мидың үшінші қабаты. Сондықтан біз қандай да бір мағынада деректермен жұмыс істеу ғасырына аяқ бастық. Әрине, бұл баяу дамып келеді", - деді Tesla, SpaceX және Neuralink негізін қалаушы.

Ол Neuralink ми қыртысының жасанды интеллектпен өзара әрекеттесуін дамытуға көмектесетінін, бұл "эзотерикалық заттар" екенін атап өтті.

"Білуімізше, біз адам өмір сүретін жалғыз ортамыз. Бәлкім басқа да өмір бар шығар, бірақ оның бірде-бір белгісін байқамадық. Сондықтан адамзатты қараңғы әлемнің жалғыз жарығы ретінде қарастыруға болады. Сол жарық сөніп қалмауы үшін сананы шектемеу керек", - деді америкалық миллиардер. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети