15 маусым 2021 11:00

Маска тағу режимі сақталады: Мамин қосымша шаралар қабылдауды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға қатысты тапсырмалар берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 


ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға қатысты тапсырмалар берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауды, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтауға және халықты вакциналауға ерекше назар аударуды тапсырды.

"Маска тағу режимі, әсіресе, ғимарат ішінде сақталады. Мониторингтік топтар жұмысты жандандырсын. Аймақтағы көршілерімізде аурудың өсуі байқалады, сондықтан қосымша алдын алу шараларын қабылдау қажет. Ең алдымен, вакцинамен қамтуды кеңейту керек. Вакциналаудың күнделікті көлемін арттырған жөн", - деді Мамин.

Премьер-министр "Ashyq" қосымшасын одан әрі енгізуді, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді және халықты вакциналауға ынталандырудың пәрменді тетіктерін әзірлеуді тапсырды.

Айта кетейік, Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Еліміз COVID-19 таралу қарқыны бойынша "жасыл" аймақта орналасқан. Вирустың репродуктивтік индексі 0,9, инфекциялық төсек-орын жүктемесі 23 пайыз, реанимациялық төсек-орын жүктемесі 21 пайыз. 

"Қызыл аймақта" Нұр-Сұлтан қаласы, "сары аймақта" Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған 13 өңір - "жасыл аймақта".

Бүгінгі таңда 2,5 миллионнан астам адам бірінші компонентті, 1,4 миллионнан аса адам екінші компонентті алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети