03 қыркүйек 2015 15:03

Мәскеулік коллекция жиюшы ауруға шалдыққан оралдық балалар үшін Фаберже алқасын құрбан етеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Мәскеулік коллекция жиюшы ауыр дертке шалдыққан оралдық балалар үшін Карл Фаберженің қолынан шыққан алқаны құрбан етпекші, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Жұлдыз" қайырымдылық қорының еріктісі Нарғыз Әмірханова айтып берді.


Мәскеулік коллекция жиюшы ауыр дертке шалдыққан оралдық балалар үшін Карл Фаберженің қолынан шыққан алқаны құрбан етпекші, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Жұлдыз" қайырымдылық қорының еріктісі Нарғыз Әмірханова айтып берді.

Еріктінің сөзіне қарағанда, кемі төрт балаға шұғыл көмек қажет. Басмиының ісігін алып тастау операциясын жасатқан 9 жастағы Роман Бурашев сауықтыру курсынан өтуі тиіс. Әмірханованың айтуынша, кеңес алу үшін оның Мәскеуге ұшып баруы керек, содан кейін Санкт-Петербург қаласында ем жасалады. Сонымен қатар, балаға дәрілер сатып алу керек, олардың біреуі 190 мың теңге тұрады. Еріктінің айтуынша, Романның анасы бар мүлкін сатып жіберген.

14 жастағы Нұрғали Әбдіғалиев химиотерапия курсын алған, бұған дейін оның да басмиында ісік бар екені анықталды. Жеткіншекті түрік емханасы қабылдауға дайын, бірақ ол үшін 20 мың доллар жинау керек. Сонымен қатар, 4 жастағы Әселге де қаржылай көмек қажет, ол аққанға шалдыққан. Сондай-ақ, 4 жастағы Исламбек Сариевке де көмек керек - ол сал ауруына шалдыққан.

Әмірханованың айтуынша, коллекция жиюшының өзі Оралдың тумасы. Ол бірнеше жыл бұрын Мәскеуге көшіп кетіпті. Қазір қор мен қайырымдылық жасаушы жан алқаны сатып алатын адамды іздеп жатыр. Айта кетейік, бұл зергерлік бұйым Фаберже әшекейлерінің каталогына кірген, ол алқаны патша отбасына арнап жасаған. Алқаның түпнұсқа екенін сарапшылар растады. Еріктінің сөзіне қарағанда, бағалы заттың нақты құны әзірше белгісіз, бірақ ол жүздеген мың доллар тұруы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети