11 наурыз 2014 19:24

Мәслихат депутаттығына 170 үміткер тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото www.visti.ks.ua сайтынан алынды Фото www.visti.ks.ua сайтынан алынды

Елімізде мәслихат депутаттығына 170 үміткер тіркелді деп хабарлайды Tengrinews.kz Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап. "Жалпы, мәслихат депутаттығына 188 кандидат ұсынылды, олардың 61-ін саяси партиялар, екеуін қоғамдық бірлестіктер ұсынды және тағы 125-і өзін-өзі ұсынғандар. Қазіргі уақытта кандидаттарды тіркеу аяқталды. Олардың ішінен барлығы 170 кандидат тіркелді, 120 кандидат (70,6 пайыз) ер-азаматтар, ал 50 кандидат (29,4 пайызы) әйел адамдар" - делінген Орталық сайлау комиссиясының хабарламасында. Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы Астана қалалық мәслихатына 1, облыстық мәслихаттарға 7, қалалық мәслихаттарға 12 және аудандық мәслихаттарға 39 депутат сайланатынын, сайлау науқаны қажетті қаржылық және материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етілгенін, сайлаудың өтетін мерзімі 30 наурыз күні екенін де еске салып отыр. Айта кету керек, мәслихат депутаттығынан үміткер 67 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі, 60-ы партия қатарында емес. 43-і өзінің партияға тиесілілігін көрсетпеген. Тіркелген кандидаттардың ішінде 6 ұлттың өкілі бар. Үміткерлердің орташа жасы - 41-де. 140 (82,4%) кандидаттың жоғары білімі бар, 20-сының (11,8%) арнайы орта және 10-ының (5,9%) орта білімі бар. Кандидаттардың 43 пайызы мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда, 30 пайызы коммерциялық құрылымдарда қызмет жасайды. Қазіргі уақытта сайлаушыларға үгіт жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айта кетерлігі, үгіт-насихат жұмыстары 28 наурыз күні сағат 24.00-де аяқталады. 15 наурыздан бастап Орталық сайлау комиссиясының мүшелері облыстың аумақтық және округтік сайлау комиссияларының мүшелерімен сайлау заңнамасының нормаларын сақтауды қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ дауыс беру күніне дайындық бойынша сайлау органдарының міндеттері талқыланатын кездесулер өткізеді. Әзірге Орталық сайлау комиссиясына сайлауға қатысты ешқандай шағым-арыз түспеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети