Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Мәсімов айыппұл төледі

31 Шілде 2016, 14:41
2
© instagram.com/kmassimov
© instagram.com/kmassimov

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Instagram желісінде Ақмола облысында Бурабайға қарай велосипедпен жүргені бейнеленген суретін жариялаған еді. Ал бүгін осы автомагистральмен жол-қозғалысы ережесі бойынша велосипедпен жүруге болмайтыны туралы айтып, айыппұл төлегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол жол ережесін бұзғаны үшін 10 605 теңге сомасында айыппұл төлеген. 

 

Велосеруен. Велопрогулка. Cycling.

Фото опубликовано Karim Massimov (@kmassimov)

ҚР үкіметінің басшысы жариялаған суретте велосипедпен тұрғаны және айыппұлы көрсетілген. Ал сипаттамасына премьер-министр "Заңдар мен ережелер баршаға ортақ. Велосипедтегі Премьер үшін де", - деп жазды ол. 

"Айыппұлға велосипедпен жүру тыйым салынған Астана-Бурабай автомагистралінде жасалған фотосурет себеп болды. Фотосурет премьер-министрдің Instagram əлеуметтік желісінде жарияланып, қазнет пайдаланушыларының арасында кең талдауға ие болды. Қазақстандықтардың К. Мəсімовтің салауатты өмір салты мен Премьер-Министрдің мемлекеттік қызметкердің заманауи имиджіне сəйкес болуға ынтасы жайлы жақсы пікірлерімен қатар заң бұзушылыққа жол берілгені туралы пікірлер де болды. "Мəсімовке қатысты өтініш тіркелді. Енді жоғары лауазымды шенеунікті ЖЖЕ бұзғаны үшін əкімшілік жауапкершілікке тарта ма көреміз", - деп жазды "Азаматтық патруль" қозғалысының белсенділері. Премьер-Министр əлеуметтік желілердегі талқылауды ескеріп, айыппұл төледі жəне осылайша Қазақстанда заң алдында бəрі тең екенін дәлелдеді", - делінген премьер-министрдің сайтында. 

Айта кетейік, үкімет басшысы бүгін тағы бір видео жариялаған еді. Видео сипаттамасында "Сәтті күннің бастауы" делінген. 

 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай