19 қараша 2021 15:18

Майнинг фермасы KEGOS желілеріне жасырын түрде қосылған

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің қызметкерлері Ақмола облысында майнинг фермасы KEGOS желілеріне заңсыз қосылғанын анықтады. Компанияға қатысты бақылау шаралары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің қызметкерлері Ақмола облысында майнинг фермасы KEGOS желілеріне заңсыз қосылғанын анықтады. Компанияға қатысты бақылау шаралары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Биылғы жылдың 18 қарашасында Нұрсұлтан қаласында атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің қызметкерлері ЖШС-нің біріне тиесілі майнинг фермасының KEGOS желілеріне заңсыз қосылғанын анықтады", - деп хабарлады министрліктен.

Майнинг фермасы цифрлық даму саласындағы уәкілетті органды өз қызметі туралы хабардар етпестен қызметті жүзеге асырғаны айтылды.

Комитет "KEGOC" АҚ-қа қатысты бақылау жұмыстарын бастады.

"Энергия тасымалдаушы ұйымдардың назарын майнинг фермалардың электр желілеріне қосуға жол берілмейтініне және заңнамаға сәйкес әрбір дерек бойынша әрекет ету шаралары қабылданып, электр энергиясы шегінде тиісті айыппұлдар қолданылатынына назар аударамыз. 

Энергетика министрлігі мемлекеттік органдармен және энергетикалық кәсіпорындармен бірлесе отырып, заңды бұзатын майниниг фермаларды анықтау және электр желілерінен ажырату жұмыстарын жалғастырады", - деп толықтырды министрлік.

"Заң талаптарын орындаған майниниг фермаларға электр энергиясынан шектеулер мен ажыратулар болмайды. Өз кезегінде кеншілердің  орталықтары еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтірмей өз қызметін жүзеге асыруы керек", - деді басқарма басшысы. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети