05 шілде 2022 15:10

McDonald's-тың Қазақстандағы жұмысы неліктен тоқтағаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

McDonald's мейрамханалар желісінің баспасөз қызметі Қазақстанда жұмысы неге тоқтап тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


McDonald's мейрамханалар желісінің баспасөз қызметі Қазақстанда жұмысы неге тоқтап тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасының барлық өңіріндегі McDonald's мейрамханалары фискалдық деректер операторында (FDO) техникалық ақау болуына байланысты жабылғанын хабарлаймыз", - делінген компания хабарламасында.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта барлық мейрамханалардың жұмысын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданып жатыр.

"Барлық өңірдегі бөлімшелер біртіндеп ашылып жатыр", - деп қосты олар.

Еске салайық, осыған дейін Қазақстанда McDonald's мейрамханалар желісі жұмысын уақытша тоқтатқаны хабарланған. Желіде танымал фаст-фуд мейрамханалар желісінен тапсырыс беру немесе онда тамақ сатып алу мүмкін емес екені туралы шағымдар жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети