20 мамыр 2023 17:00

Медеудегі өрт: қаза тапқан өртсөндірушінің анасы орденмен наградталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТЖМ ТЖМ

Медеудегі өрт кезінде қаза тапқан сержант Арслан Құрманбековтың анасына III дәрежелі "Айбын" ордені табысталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Медеудегі өрт кезінде қаза тапқан сержант Арслан Құрманбековтың анасына III дәрежелі "Айбын" ордені табысталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20 мамырда ҚР ТЖ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев қаза тапқан сержанттың анасы Құрманбекова Бақытгүл Жолдасбекқызына III дәрежелі "Айбын" орденін тапсырды.

"Президенттің биыл 15 мамырдағы Жарлығымен қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Алматы ТЖД №7 ӨСБ аға өртсөндіруші-құтқарушысы Арслан Құрманбекова қаза тапқаннан кейін ІІІ дәрежелі "Айбын" мемлекеттік наградасымен марапатталды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, қайғылы оқиға 8 мамырда болған еді. Бұған дейін Медеудегі өрт кезінде қаза болған өртсөндірушінің отбасына қандай көмек көрсетілетіні хабарланған болатын. Кейін өртсөндіруші де ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталған еді.

"Құқық қорғау қызметі туралы" Заңға сәйкес қаза тапқан қызметкер Құрманбеков Арсланның мұрагерлеріне оның алпыс айлық ақшалай қаражаты (5 жылғы) - шамамен 13 миллион теңге мөлшерінде біржолғы өтемақы төленетін болады. Сонымен қатар, жерлеуге жұмсалған шығыстарға 600 мың теңге көлемінде өтемақы төленетін болады. Жерлеу бойынша барлық шығынды Алматы Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырды.

ТЖ министрлігі өкілдері Президент Әкімшілігіне мемлекеттік наградаға қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өртсөндіруші Арслан Құрманбековті марапаттау туралы ұсыныс енгізген еді. Сонымен қатар, Алматы әкімдігінің атына әлеуметтік көмек тәртібінде Арслан Құрманбековтің анасына тұрғын үй бөлу мүмкіндігін қарастыру туралы өтініш жолданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети