Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко және Армения Республикасының Вице-премьері Мгер Григорян Тәуелсіздік сарайына келді.
Мәртебелі меймандарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Бүгін, 29 мамырда Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтіп жатыр. Күн тәртібінде экономика, интеграция және бірлескен жобалар мәселелері қаралады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен V Еуразиялық экономикалық форумда сөз сөйлеген болатын. Мемлекет басшысы өз баяндамасында жасанды интеллектіні дамыту, цифрлық трансформация және жаңа технологиялардың экономика мен еңбек нарығына әсері туралы айтты.
Сондай-ақ Президент осыдан екі апта бұрын Қазақстанның орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу шаралары туралы жарлыққа қол қойғанын атап өтті.