11 тамыз 2023 15:27

Мемлекет басшысы Ақкенттегі өртте ерлік жасағандарды марапаттады

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж Tengrinews.kz Коллаж Tengrinews.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматыдағы "Ақкент" ықшамауданында болған өрт кезінде адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азамат марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматыдағы "Ақкент" ықшамауданында болған өрт кезінде адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азамат марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Ерлігі үшін" медалімен:

1) Ахметханов Тілеужан Сапарғалиұлы – "Expo Masters" ЖШС менеджері, Алматы қаласы;
2) Гюнай Шүкүр – "Спарк Электромеханик" ЖШС электригі, Алматы қаласы;
3) Исмаилов Эльдар Александрович – "Спарк Электромеханик" ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;
4) Йерделен Халил – "GASK Construction" ЖШС автокран операторы, Алматы қаласы;
5) Мамедов Кенан Бабаұлы – "Спарк Электромеханик" ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;
6) Романов Вадим Анатольевич – "Frank-Asia" ЖК автокран операторы, Алматы қаласы.

Еске салайық, 1 тамызда Алматыдағы Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйде өрт шыққаны хабарланды. Кейін өрттен зардап шеккендер саны анықталды.

Ақкент тұрғын үй кешенінің тұрғыны Дидардың айтуынша, өрттен аман қалған тұрғындардың бірі. Тілеужан есімді жігіт өрттен 6-7 адамды құтқарып алған. Ер адам 1 жасар баланы, көршінің отбасын, бір жігітті және полиция қызметкерін аман алып қалды.

Ал Түркия азаматы Шүкүр Гюнай Ақкенттегі өрт кезінде 16-қабатта қалған балаларды құтқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети