07 қыркүйек 2015 14:44

Мемлекет басшысы фуа-гра мен Ленд Крузерлерден бас тартуды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті фуа гра мен Ленд Крузерлерден бас тартуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысынан. Мұнда Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен келді.


Қазақстан Президенті фуа гра мен Ленд Крузерлерден бас тартуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысынан. Мұнда Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен келді.

Нұрсұлтан Назарбаев елдің ауыл шаруашылығының жетекші өндірушілерімен кездесіп, олардың республиканың басты асыраушысы екенін атап өтті. "Ең бастысы дастарханымызда ас бар. Тіпті ішетін сусынымыз да бар. Киеріміз де, баспанамыз да бар, сол үйлерді жылытатын отынымыз да бар. Ең басты, ең қажеттінің барлығы бар", - деді Президент. Оның айтуынша, мұның барлығы елге тыныш өмір сүруге, жұмыс істеуге және еңбектенуге мүмкіндік береді.

"Ал қалғандарынан, мәселен батыстың киімінен бас тартып та өмір сүруге болады. Рас па? Фуа-грасыз, банансыз, бізге зиян заттарсыз", - деді Мемлекет басшысы әзілдеп. "Ең үздік дейтін, Ленд Крузерсіз де өмір сүруге болады. Оларсыз да өмір сүруге болады. Елімізде өмір сүруге қажеттінің барлығы бар", - деді Президент.

Бүгін Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы кәсіпорнының егістігінде үш облыстың әкімімен кеңейтілген отырыс өткізді: Ақмола (Сергей Кулагин), Қостанай (Нұралы Сәдуақасов) және Солтүстік Қазақстан облыстары (Ерік Сұлтанов).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети