1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Мемлекет басшысы Маминді қабылдады

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминнің еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру және әлеуметтік-экономикалық даму туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Асқар Маминнің айтуынша, еліміздегі коронавирус жұқтырғандар саны 2,1 пайызға төмендегенін, ауруханалардағы індетке шалдыққан азаматтарға арналған жалпы төсек-орынның 30,4 мыңнан 49,7 мыңға дейін көбейгенін, соның есебінен реанимациядағы орындар 12 пайызға, станционардағы төсек-орындар 25 пайызға азайғанын айтты.

Сондай-ақ COVID-19 індетінен жазылып шыққандар 63 пайызға артып, жедел-жәрдем шақыртушылар саны 31 пайызға төмендеген.

Үкімет басшысы Қазақстан Президентіне барлық өңірдегі тұрақтандыру қоры қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтармен толықтырылып, ауруханаларды өкпені жасанды желдету және оттегі концентраторларымен қамтамасыз ету жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді.

Премьер-министр Қасым-Жомарт Тоқаевқа шектеу шаралары кезінде кәсіпкерлік субъектілерін қолдау, жұмыспен қамыту және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер жөнінде айтты.

Мемлекет басшысы Премьер-министрге аймақтарды, әсіресе, ауылдарды қажетті дәрі-дәрмектермен және медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді тапсырды.

Президенттің айтуынша, пандемия кезінде және одан кейінгі уақытта Үкіметтің алдында экономиканың жоспарлы дамуын қамтамасыз етіп, азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру міндеті тұр. Қазіргі уақытта жаңа экономикалық бағытты әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Ол Мемлекет басшысының алдағы Жолдауының негізгі бөлігін құрайтын болады.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 76 799-ға жетті. 48 220 науқас жазылды, 585 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!