25 наурыз 2016 10:51

Мемлекет басшысы мектептерде бес күндік оқу аптасын енгізу мәселесін қарастыруды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Назарбаев мектептерде бес күндік оқу стандартын енгізу мәселесін талқылауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы бұл туралы Парламент палаталары депутаттарының бірлескен отырысы барысында мәлімдеді.


Назарбаев мектептерде бес күндік оқу стандартын енгізу мәселесін талқылауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы бұл туралы Парламент палаталары депутаттарының бірлескен отырысы барысында мәлімдеді.

"Біз ЭЫДҰ-на ықпалдасудамыз және бізге солармен бірізді болу қажет. Барлық дамыған елдерде мектептерде бес күндік оқу аптасы әрекет етеді. Бала қалпына келіп, ал ұстаз демалып, сабаққа дайындала алады. Олардың кейбірлері тіпті төрт күндік оқу аптасы бойынша оқиды. Мұндай форматқа көшу - бұл дамыған елдердің жалпы әлемдік трендтері. Оқу аптасы қысқарған жағдайда оқудың нәтижелілігі артатынын ғалымдар да дәлелдеді. Бізге де осы практиканы енгізу керек. Оқу аптасын оңтайландыруды ең алдымен бастауыш мектепте енгізу қажет", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ол мұның оңай іс емес екенін, дегенмен бұл мәселені қалай да қолға алу керектігін жеткізді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Үкіметке әкімдіктермен бірге барлық мектептерде Интернеттің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети