22 сәуір 2021 14:31

Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" қорына тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорының жаңа басшысы Алмасадам Сәтқалиевке міндет қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорының жаңа басшысы Алмасадам Сәтқалиевке міндет қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы аймақтағы "Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағының жұмысына қатысты біраз мәселе бар екенін айтты.

"Арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылымдық құрылысы аяқталмаған. 2015 жылы аталған нысанды дамытуға 162 миллиард теңге бөлінген. Бірақ осыған дейін бір ғана жоба іске асқан. Полипропилен және полиэтилен өндірісі бойынша ірі жобалар әлі жүзеге аспаған. Өйткені қажетті инвестор мен өнімді сататын нарық табылмаған", - делінген хабарламада.

Президент осы олқылықтарды тез реттеп, Үкімет пен "Самұрық-Қазына" қорына жұмысты жеделдетуді тапсырды.

"Алмасадам Майданұлы ("Самұрық-Қазына" ҰӘҚ басқарма төрағасы Сәтқалиев. - автор.), сізден мұнай-газ химиясы саласын қор жұмысындағы басым жобалар ретінде қарауды сұраймын. Осы бағыттағы барлық жұмысты ерекше бақылауға алыңыз", - деді Мемлекет басшысы.

Президент Атырау облысының жағдайы туралы барлық баяндамаларды тыңдап шыққаннан кейін, аймақты дамытуға қатысты нақты мақсат-міндеттерді атады. Ең алдымен мұнай-газ өнеркәсібін дамыту қажет.

"Үкімет өңір әкімдігімен бірлесіп, ірі мұнай-газ жобаларын уақтылы жүзеге асыруды бақылауға алуға тиіс. Болашақта кеңею жобасын уақтылы аяқтау маңызды. Сондай-ақ Қашаған кен орнын толық игеру керек. Сол арқылы бір жылда өндірілетін мұнай көлемін 15 миллион тоннаға арттыруға болады. Нәтижесінде жұмыс орындары ашылып, отандық қызмет көрсету компаниялары мен шағын және орта бизнес өкілдері үшін мол мүмкіндіктер туады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети