Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Мемлекет басшысы "Сарыарқа" шағын ауданында болды

29 Қыркүйек 2016, 17:52
0
© akorda.kz
© akorda.kz

Мемлекет басшысы Павлодар облысына жұмыс сапары барысында "Сарыарқа" шағын ауданында болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтемсе жасап.
 
Елбасына шағын аудандағы көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысының барысы және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу қарқыны туралы баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев екі балабақша мен әлеуметтік-мәдени бағыттағы нысандар құрылысына арналған нақтылы жобамен танысты. Сондай-ақ, жолдар мен инженерлік коммуникацияны қайта жөндеу, жасыл көшет отырғызу, тұрғын-үйлердің ауласын балаларға арналған алаңмен жабдықтау арқылы абаттандыру қарастырылуда.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті жаңа "Сарыарқа" шағын ауданында орналасқан Балалар техникалық мектебін аралап көрді. Онда оқушылар робот жасау, радиоэлектроника, ұшақ және кеме модельдеу негіздері жөнінде білім алып, жаратылыстану мен гуманитарлық пәндер бойынша бірқатар мектеп бағдарламасын тереңдетіп оқи алады.

Мемлекет басшысына студенттердің іске асырылған, қазір өнім бере бастаған бизнес жобалары туралы баяндалды.

Сондай-ақ, Елбасыға Павлодар мемлекеттік университетінің оқу үдерісіне «кәсіпкерлік арқылы оқыту» жөніндегі жаңа қағидаттың енгізіліп жатқаны жөнінде айтылды. Оның аясында оқу орнының барлық студенті кәсіпкерлік пен көшбасшылық курстарынан өтеді.

Нұрсұлтан Назарбаев студенттер ұсынған бизнес жобалардың әлеуетінің жоғарылығы мен жасампаздығын атап өтті.

"Қазіргі уақытта мемлекет бизнестің дамуы үшін барлық қажетті жағдайды жасап отыр. Әлемнің көптеген елінде жастардың студенттік кезеңде өзінің стартап-жобаларын бастап, жоғары оқу орнын бітіргенде бірталай жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін тәжірибелер бар. Мұндай жағдайлар еліміздің өзге өңірлерінің жоғары оқу орындарының студенттері үшін де жасалуға тиіс", - деді Қазақстан Президенті.

Студенттер мен оқытушылар Елбасыға зор денсаулық тілеп, жас ұрпақты жетілдіру мәселесіне деген қамқор көзқарасы, жанашырлығы үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ Елбасы жұмыс сапары барысында "Арго" ЖШС-нің ауыл шаруашылығы кешеніне барды. Мемлекет басшысына кәсіпорынның өндірістік қуаты, жұмысының негізгі бағыттары туралы баяндалды. Сондай-ақ, Елбасы өңірде өсірілетін ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін аралап, облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен кездесті. Олар орақ науқанының барысы мен аграрлық саланың даму қарқыны жөнінде әңгімеледі.

Жиналғандарға арнаған сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев ғылыми-зерттеу институттарының әлеуетін өңірдің агроөнеркәсіп кешенінің өнімділігін арттыру үшін пайдалану қажеттігін айтты.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті Қытайға таяудағы сапары барысында сол елге экспортталатын дәнді және майлы дақылдар мөлшерін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретін келісімге қол жеткізілгенін ерекше атап өтті.

Облыстағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өкілдері Мемлекет басшысына елдің ауыл шаруашылығы саласына қамқорлығы мен қолдауы үшін алғыс білдірді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай