25 мамыр 2022 16:43

Мемлекеттік аудит қызметкерлері бухгалтерлерді пайдаланылған заттарды сатуға мәжбүр еткен

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік аудит қызметкерлері бухгалтерлерді пайдаланылған заттарды сатуға мәжбүр еткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.


Мемлекеттік аудит қызметкерлері бухгалтерлерді пайдаланылған заттарды сатуға мәжбүр еткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен аудиторлық тексеру жүргізу барысында бірнеше рет пара алғаны үшін Қызылорда облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы мен бас маман - мемлекеттік аудиторына қатысты пара алу фактісі бойынша соталды тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аудиторлық тексеру жүргізу кезінде бұл тұлғалар өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, "Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-не бағынысты мекеме бухгалтерлеріне киілген киімдерді (пальто, күртеше, орамал) көтеріңкі бағамен өткізуді талап етіп, сатудан түскен 456 000 теңге ақшалай қаражатты өз қалтасына басқандығы анықталды.

Өзге ақпараттар тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети