18 желтоқсан 2014 15:50

Мемлекеттік бағдарламамен алынған үйлерді жалға беруге тыйым салу керек - Назарбаева

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz иллюстрациясы ©Tengrinews.kz иллюстрациясы

Қазақстандықтарға жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы алатын үйлерді жалға беруге, сатуға және банкке қоюға тыйым салу керек. Мұндай пікірді Парламенттің төменгі палатасының вице-спикері Дариға Назарбаева "Нұр Отан" партиясының парламенттік фракциясының отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтарға жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы алатын үйлерді жалға беруге, сатуға және банкке қоюға тыйым салу керек. Мұндай пікірді Парламенттің төменгі палатасының вице-спикері Дариға Назарбаева "Нұр Отан" партиясының парламенттік фракциясының отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сатып алу құқығымен жалға берілетін үй - бұл жерде осы тұрғын үйді бес жылдан кейін сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл салаға бизнес іздеп келетіндердің алдын алу үшін біз бес жылдан кейін сатып алынатын үйді тағы да бес жыл бойы сатуға, сыйлауға, банкке кепілге қоюға, жалға беруге және қосалқы жалгерлікке беруге тыйым салынатындай бірнәрсе жасауымыз керек. Бұл нақты көрсетілуі тиіс", - деді Назарбаева жаңа тұрғын үй бағдарламасы туралы айтып жатқан кезде.

Сонымен қатар, ол Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасының қатысушылары үшін "сенім телефоны" болуы керек екенін айтты. "Тұрғын үйлерді үйлестіруде біз "сенім телефоны" болуы керек деп есептейміз. Бұл бағдарлама арқылы үй алғандардың тізімі жарияланатынын айттыңыздар. Мұнымен бірге сіздің кабинетіңізге "сенім" телефоны да болсын", - деді Назарбаева "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаевқа.

"Адамдар телефон соғып, әділдіктің бұзылғанын, "кезекте менен озып кетті" деп айту үшін. Мұндай ақпарат, мұндай интерактив болуы керек", - деді ол. 

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұрлы жол" саясаты аясында жаңа тұрғын үй бағдарламасының қолға алынатынын 2014 жылғы 11 қарашада жария етілген Жолдауында айтқан еді. Бұл бағдарлама бойынша тұрғын үй алғашқы жарнасыз әрі пайызсыз берілуі тиіс екендігі және 35 жасқа дейінгі ерлі-зайыптылар жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша пәтер ала алатын болғаны хабарланды. Сонымен бірге, жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспананың бір шаршы метрінің қанша тұратыны да жария етілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети