Мемлекеттік күзет қызметі туралы заңда Тұңғыш Президент ұғымы алып тасталуы мүмкін

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік күзет қызметі туралы заңда Тұңғыш Президент ұғымы алып тасталуы мүмкін Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері үшін күзетілетін адамдар тізбесін өзгертетін Президент жарлығы жобасы жария талқылауға шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері үшін күзетілетін адамдар тізбесін өзгертетін Президент жарлығы жобасы жария талқылауға шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі - Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету күштеріне жататын, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган.

Ереженің қолданыстағы редакциясында МКҚ заңнамада белгіленген құзырет шегінде Президенттің, Тұңғыш Президент - Елбасының, басқа да қорғалатын адамдар мен нысандар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүзеге асырады деп жазылған.

МКҚ жаңа редакциясында "Заңда белгіленген құзырет шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің, басқа да қорғалатын адамдар мен нысандар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын" орган ретінде жазылған.

Жобаны қоғамдық талқылау 14 маусымға дейін жалғасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 476.71   561.69   6.29 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети