23 шілде 2014 12:39

Мемлекеттік қызметкерлердің 5%-ға жуығы ғана парақорлыққа бейім - Мұрат Әбенов

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қазақстанда жыл басында сыбайлас жемқорлыққа қарсы "ЖАҢАРУ" атты жаңа жалпыұлттық қозғалыс төбе көрсеткен болатын. Tengrinews.kz осы қозғалыс төрағасының орынбасары Мұрат Әбеновті әңгімеге тартқан еді.


Қазақстанда жыл басында сыбайлас жемқорлыққа қарсы "ЖАҢАРУ" атты жаңа жалпыұлттық қозғалыс төбе көрсеткен болатын. Tengrinews.kz осы қозғалыс төрағасының орынбасары Мұрат Әбеновті әңгімеге тартқан еді.

"Біз мемлекеттік қызметкерлерді жоғары басшыларының жемқорлыққа итермелеуі, шенеуніктерді сатып алумен айналысатындарға қарсы тұруды үйретеміз. Мен ел өңірлерінде, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте, Парламентте, үкіметтік қызметте жұмыс істеген адам ретінде мемлекеттік қызметкерлер арасында парақорлыққа бейімі 5%-ға жуықтайды деп айтар едім. Ал қалғандары - бір жалақымен адал өмір сүріп, арын үнемі таза ұстауға тырысатын жандар", - дейді Әбенов.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметке келген жас қандай да бір сыбайлас жемқорлық іс-қимылынан бойын аулақ ұстауға тырысады. "Олар заңсыз құжатқа қол қойғысы келмейді, мен мұны дұрыс деп есептеймін. Мұндай иммунитетті соңғы кездері жоғары деңгейдегі лауазымды тұлғалардың жиі жауапқа тартылуы нығайта түсуде" дейді Tengrinews.kz-ге сұхбат беруші.

Халықтың парақорлыққа қарсы білімі - "ЖАҢАРУ" шұғылданбақшы ең маңызды бағыттардың бірі. Әбенов өзінің жақтастарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыс жұмысын қоғамдық деңгейден бастамақшы, сөйтіп сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша қоғамдық мектептер құрмақ. Бұл мектептер адамдарға мемлекеттік органдардың қызметі туралы мәліметтерді іздестіру мен табуды, бұзылған құқығын  өзі анықтауды, мемлекет қандай қызмет түрлерін тегін көрсететіндігі туралы мәліметтермен қанығуды, өз құқығын қалай талап етуді үйретеді. Бұл мектептер, Әбеновтің сөзіне қарағанда, ел азаматтарына, мысалы мүгедектікті тіркету, баспана мен жер телімін аударту, сонымен қатар жол полициясымен қарым-қатынас сынды белгілі бір өмірге қажетті жағдайлар үшін дайын "мәзір" ұсынады.

"Біз жекелеген тақырыптар бойынша желіде "сандық" ашсақ дейміз. Осындағы мәлімет негізінде кез келген ел азаматы арызды толтырып, кімнің атына жазатынын біліп, қандай заң баптары бұзылғандығын арызында көрсете алады. Бір сөзбен айтқанда, бұл оқушыға арналған "шпаргалка" сынды. Осылайша біз халыққа өз құқығын үйретуде, кімге шағымдану керектігін нұсқауда, оны заңды түрде қалай талап етуге болатынын көрсетуде пара бермеудің құралын ұсынамыз. Бұл әр деңгейдегі шенеуніктерін қадағалауға мүмкіндігі жоқ мемлекеттік органдар үшін де тиімді болады", - дейді Әбенов.

Біздің сұхбат беруішіміз атап өткендей, бүгінгі таңда қоғамда сыбайлас жемқорлық - азаматтарға қарсы бағытталған мемлекеттік құрылымдардың заңсыз әрекеті деген қасаң пікір кең тарап кеткен. Алайда Әбенов шынтуайтында, сыбайлас жемқорлық - бұл қарапайым халық қана емес, мемлекет те зардап шегіп отырған  ортақ жау екенін айтады. Transparency International-дың былтырғы жылғы зерттеу қорытындысы бойынша Қазақстан сыбайлас жемқорлық бойынша 177 мемлекеттің ішінде 140-орында тұр. 2012 жылмен салыстырғанда, біздің көрсеткішіміз тағы жеті позицияға төмендеген. "Халық үшін бұл жәй рейтинг қана, олар санаса санай берсін деп отыра беруі мүмкін. Бірақ, ақиқатында, еліміздің бұл көрсеткішіне ірі шетелдік бизнес, халықаралық қаржы институттары, трансұлттық компаниялар сүйенеді. Міне, халықаралық сарапшылар, Қазақстандағы парақорлық біліксіз жұмыс күшінен кейінгі бизнесті жүргізуге көбірек мәселе туындатады деп санайды. Бұл ұзақмерзімді инвестициялар мен жаңа технологиялар тартуға кері ықпал ететін фактор" дейді Мұрат |Әбенов.

Сыбайлас жемқорлық көп орын алатын жерде әртүрлі тәуекелдер қауіп-қатері де жоғары болады. "Жоғары технологиялық салаға салынған инвестиция тез өз-өзін өтемейді, сондықтан олар біз жаққа бет бұрғысы келмейді. Мұндайда мемлекеттік инновациялық бағдарламалар да белгілі бір тәуекелдерге бас тігіп жатады", дейді ол.

Дегенмен ол осыған дейін қолданылып келген шаралар, яғни мемлекеттік құрылымдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны өзі әзірлеп, үкімет пен парламент көзқарасы деңгейінде заң жасап, ішкі бақылауды өздері жүзеге асырап, құқық құрылымы органдары қатаң шаралар қабылдауы - ешқандай нәтиже бермеуде екенін айтады.

Сондықтан мұндай жағдайда мемлекет пен қоғамның бірге іс-әрекет қылатын коалициясын құру қажет дейді Әбенов. Бұл арада бір-біріне қарсытұру емес, әріптестік маңызды. Азаматтарға тікелей байланысты ең маңызды шешім мемлекеттік құрылым, сол секілді қоғамдық деңгейдегі бақылаудың бірдей болуы, яғни, бірге мәселені анықтап, оны бірлесе шешу керек.

"Сондықтан біз жеке фактіні анықтап, сыбайлас жемқорларды қудалауды мақсат етпейміз. Бұл - құқыққорғау органдарының жұмысы. Біз сыбайлас жемқорлық ұяларын анықтаумен айналысамыз. Құқық қорғау және қағадағалаушы органдар сыбайлас жемқорлық фактісін анықтауға барынша мән береді, ал заңнамадағы жыртық тұстар олардың уақытында жазалануына кейде жол бермей жатады. Кейде бұл құқыққорғау органдарының жоспар орындау көзі боп та табылады, яғни,мынандай "майлы жер" бар, ол арадағы шенеунікті пара алып жатқан жерінен ұстап, бір жағынан жоспарды орындап отыруға болады дегендей. Алайда осы ұяшықты басынан бұзып, шенеуніктің пара алуына жол бермеуге де болар еді" деп санайды сұхбат беруші.

Оның айтуынша, құқыққорғау органы өкілдері қандай да бір шенеуніктің ақша жырымдап жүргенін байқайды, бірақ оны сол арада демде ауыздықтамайды, керісінше ол көбірек пара алған уақытын күтіп, аңдып жүреді, сөйтіп оны қылмыс жасағанда бір-ақ құрықтайды. "Қоғамдық қозғалыстың міндеті мүлде басқаша - сыбайлас жемқорлық болатын орынды алдын ала анықтап, оны болдырмау үшін әрекет ететін заңнамаға жаңа нормалар ұсынады, сөйтіп шенеуніктерді заңды бұзбауға үйретеді. Осы жағынан алғанда, біз құқыққорғау органдарының жақтасы емеспіз, біз мемлекетке зиян келтіріп жатқан сыбайлас жемқорлық ұяларын анықтап, оған шенеуніктердің жоламауына, заңды бұзбауына кеңес береміз" дейді ол.

"ЖАҢАРУ" қозғалысының шұғылданатын жұмысының тағы бір бағыты - қабылданып жатқан заңдарды қоғамдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптау. Әбеновтің айтуынша, сыбайлас жемқорлық бойынша мемлекеттік сараптама бар, алайда ол үнемі сапалы жүзеге асырыла бермейді. Сондай-ақ қозғалыс зерттеу жұмысымен де айналыспақшы, яғни қандай да бір салалардағы сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері зерделенеді.

"ЖАҢАРУ" жалпыұлттыққозғалысы азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қатысуын қарасатыратын БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялаудағы Қазақстан міндеттерін орындауды мақсат етеді. Жылдың қортындысы бойынша  қозғалыс өзінің сараптамалық есебін дайындайтын болады. Әбенов қозғалыстың мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығына қол жеткізуге барынша тырысатынын атап өтті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети