26 қараша 2014 12:56

Мемлекеттік қызметкерлерге арналған сыйлықтар туралы нұсқаулық жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©luxfon.kz ©luxfon.kz

Мемлекеттік қызметкерлерге арналған сыйлықтар туралы нұсқаулық жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Мемлекеттік қызметкерлерге арналған сыйлықтар туралы нұсқаулық жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кеңейтілген кеңесі барысында сала басшысы Қайрат Қожамжаров Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірге жемқорлық қауіптері мен олардың алдын алу жөнінде оқыту бағдарламасы жасалғанын айтты. Оған ғылыми және әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі негіз болған. 

"Мысалға, қазірдің өзінде мемлекеттік қызметкерлерге арналған мүдделер жанжалын болдырмау жөніндегі практикум мен сыйлықтар туралы ережені қолдану жөніндегі нұсқаулық дайын. Біз жастарды әлеуметтік желілер арқылы ақпараттандырамыз", - деді Қожамжаров. 

Кейін агенттік басшысы сыйлықтар туралы нұсқаулықтың не екенін түсіндірді.

"Оған лауазымды тұлғаларға материалдық және материалдық емес сипаттағы қызметтерді көрсеткені үшін сыйлық беруді шектеу кіреді, яғни, мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік функцияларды орындағаны үшін қандай да бір игіліктер алуға құқығы болмайды", - деді Қожамжаров жиыннан соң журналистерге. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети