21 ақпан 2014 13:04

Мемлекеттік органдардың өздері заңды сақтамайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © tengrinews.kz Фото © tengrinews.kz

Қазақстанда заңдарды орындауға міндетті мемлекеттік органдар заңды сақтамайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР әділет вице-министрі Зәуреш Баймолдинаға сілтеме жасап. Вице-министр атап көрсеткендей, Қазақстан халқының құқықтық сауатталығын арттыру жолында біраз құжаттар қабылданды. Сонау 1994 жылы құқықтық реформа бойынша мемлекеттік бағдарлама, ал 2004 жылда құқықтық тұжырымдама қабылданды. Бүгінде Қазақстанның құқықтық саясат тұжырымдамасы 2010-2020 жылдарды қамтиды. Әділет министрлігі өз кезегінде жыл сайын аталған құжатты іске асыруға арналған іс-шаралар жоспарын шығарып отырады. "Енді, заң шығару жағынан қиындық жоқ, қайта сол заңды орындау мәселесі өзекті болып тұр. Бұл осы заңдарды орындауға міндетті мемлекеттік органдарға қатысты. Сондықтан қазір заң актілерінің мазмұнынан бұрын сол заңдарды орындау тәжірибесін жетілдіруді ойлау қажет. Ол тек соттар мен құқық қорғау органдарына ғана емес, барлық мемлекеттік органдарға қатысты", - деді бүгінгі брифингте З.Баймолдина.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети