06 қазан 2023 10:56

Мемлекеттік сатып алулар: Жетісуда 70-тен аса шенеунік жазаланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Freepik Freepik

Жетісу прокурорлары мемлекеттік сатып алу саласындағы заңбұзушылықтар үшін 74 лауазымды адамды жауапқа тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.


Жетісу прокурорлары мемлекеттік сатып алу саласындағы заңбұзушылықтар үшін 74 лауазымды адамды жауапқа тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Тек биыл Жетісу облысының прокуратурасы 3 миллиард теңгеден аса сомаға мемлекеттік сатып алуды тоқтатты.

"Мемлекеттік органдар негізінен әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарын негізсіз асыра бағалады, міндетті мемлекеттік сараптамасыз автожолдар салуға конкурстар жариялады және т. б.

Тағы 85 миллион теңгеге сатып алулардың алдын алды, олар бойынша мемлекеттік органдар "бір көзден алу" тәсілімен негізсіз қорытынды жасауға тырысты.

Тек бір Алакөл ауданында прокуратураның қадағалау актілері бойынша 10 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, оның ішінде 4 ауылдық округтердің әкімдері бар", - делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың 74 лауазымды тұлға ӘҚБтК-нің 207-бабы ("Мемлекеттік сатып алуды бұзу") бойынша жалпы сомасы 13 миллион теңгеге айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети