28 қараша 2016 20:02

Мен дауылдың ортасында болдым - Назарбаев КСРО-ның тарауы туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев КСРО-ның ыдырауы туралы сөз қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Нұрсұлтан Назарбаев КСРО-ның ыдырауы туралы сөз қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында Кеңес Одағының ыдырауы туралы өз пікірін айтты. Мемлекет басшысының айтуынша бұл орынды шешім болған. 

"Мен, сол уақытта құйынның дәл ортасында болдым. Барлығын өз көзіммен көрдім, сездім, бастан кешірдім, әрине уайымдадым. Естеріңізде болса, сол даулы дебаттар кезінде соңғы жылдардағы ұлттар депутаттарының съезінде бәрі де құрдымға кетіп бара жатты. Сол кезде Орталық Азия және Қазақстан депутаттары реформалар жасалып Кеңес Одағында сақталуын қалаған. Себебі сондай қарым-қатынас болды. Әр түрлі нәрсе айтып, ой түюге болады, алайда Совет Одғының ыдырауы - орынды процесс болатын", - деді Назарбаев. 

Президент КСРО-ны бәсекелестікке шыдай алмаған сауда компаниясымен салыстырды.

"Егер мұны компания деп қарастыра болсақ, бұл компания бәсекелестікке шыдай алмай, өз тауарын сата алмаса, және ақша таба алмаса, бұл компания құрдымға кетіп басқа компания оны жұтып қояр еді. Бұл адам ұшін де мемлекет үшінде өліммен тең. Яғни ресурстың аяқталғаны. Адам 100 жыл өмір сүріп, соңында бақилық болады. Әр түрлі төтенше жағдайлар болады, соғыс немесе тағы басқалар. Кеңес Одағы барлығын бастан кешті, бәрінде жеңді. Алайда экономикалық ресурстар тапшы болды. Яғни сол үлкен жарыста біздің ірі еліміз экономикалық және саяси тұрғыдан жеңіліс тапты", - деді Назарбаев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети