31 қаңтар 2021 19:00

"Мен еліміздің болашағына сенемін". ER-BATYR жобасында Арманжан Байтасов

ПОДЕЛИТЬСЯ

ER-BATYR жобасында - танымал бизнесмен, медиамагнат және қоғам қайраткері Арманжан Байтасов. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында фейк ақпараттан қалай қорғану керегін, міндеті және Қазақстанды қай жағынан өзгерткісі келетіні туралы әңгімеледі. Жаңа шығарылымды ER-BATYR YouTube-каналынан көре аласыздар. 


ER-BATYR жобасында - танымал бизнесмен, медиамагнат және қоғам қайраткері Арманжан Байтасов. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында фейк ақпараттан қалай қорғану керегін, міндеті және Қазақстанды қай жағынан өзгерткісі келетіні туралы әңгімеледі. Жаңа шығарылымды ER-BATYR YouTube-каналынан көре аласыздар. 

Жоба ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна", Vostok FM радиоарнасы және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

Арманжан Байтасов - танымал кәсіпкер, медиамагнат және қоғам қайраткері. Елдегі ең беделді 50 кәсіпкердің қатарына кіреді. MuzzOne және НБТ (Қырғызстан) телеканалдарының, "Бизнес-FM" радиостанциясы мен businessfm.kz ақпараттық сайтының басшысы. Сонымен қатар, Forbes Kazakhstan және Forbes Georgia, Jet Airlines әуекомпаниясында, ICON телекоммуникациялық компаниясының және бірқатар даму жобасында үлесі бар. YPO-ның Қазақстандағы бөлімшесінің мүшесі, "Қазақстандық Медиа Альянстың" төрағасы, "Асыл Мирас" қайырымдылық қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі, IQanat білім беру жобасының қатысушысы. 2019 жылы шілдеде ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына кірді.

Эфир қонағы соңғы кездері көп тарап кеткен фейк ақпараттардан қалай қорғану керегін айтты. 

"Мен оған журналист ретінде қандай да бір ирониямен қараймын. Біріншіден, соған сенетін адамдардың бәрі кейбір телеграм-каналдардың, блогерлердің ақымақ әрекетіне арбалып қалмауы үшін әрекет етіп, ақпаратты өздері тексеріп шығуы керек. Екіншіден, әрине, ұсыныс ретінде, қазір контент көп екені түсінікті, тек өзің тұтынатын нәрсеге мұқият қарау керек. Ол тамақ секілді. Кешірім сұраймын, бірақ сен сасыған котлет жемейсің ғой. Организміңді құрметтеп, жақсы тамақтанып, дұрыс тамақтану керек, ол диеталық не басқа тамақ болсын, бірақ таза, қалыпты, таза болуы керек. Ақпараттық "рационды" қадағалаңыз, бәрін бірден қолданбаңыз. Ойланыңыз. Сол өнімді, ақпаратты қайдан алғаныңызды ойланыңыз. Сол блогерге сенесіз бе, әлде жоқ па, сол секілді белгілі бір бұқаралық ақпарат құралына сенесіз бе - соған мән беріңіз. Ақпаратты қайдан алатыныңызды ойланып, шешім қабылдаңыз", - дейді спикер.

Сонымен қатар, кәсіпкер Қазақстанды қай жағынан өзгерткісі келетіні туралы айтты. 

"Шынымен әділ мемлекет болу үшін, Қазақстанда өмір сүру қауіпсіз болуы үшін, Қазақстанның азаматы екеніңнен рахат алу үшін, Қазақстан азаматы екеніңді абырой көру үшін баланс табар едім. Бұл мен қарабайыр сөз, қарапайым нәрсе айтып отырғаным түсунікті, бірақ әділдік сезімі қазақстандықтарда болса, ол негізі нақты нәрсе. Бұл заңның үстемдігі; бұл сенің қауіпсіз өмір сүретініңе, сені ешкім алдап кетпейтініне, ұрып кетпейтініне, жайдан жай түрмеге қамамайтынына, ешкім сенің мүлігіңді тартып алмайтыныңа сенімді болу керек; кез келген салада ғылымда, медицинада, музыкада, медиада дарыныңды дамыту мүмкіндігі болуы керек", - дейді кәсіпкер. 

Арманжан Байтасов негізгі миссиясы - ел игілігі үшін үлес қосу екенін айтады. 

"Әрине, ел игілігі үшін үлес қосқым келеді. Балаларым тәрбиелі болса, аман-сау болса. Мен істеп жүрген жұмысым ұзаққа қалса және жасым келген кезде өз-өзіме көңілім толып, бекер өмір сүрмегенімді түсінсем деймін", - дейді спикер. 

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейін жоба қонақтары футболшылар Давид Лория мен Самат Смақов, актерлер Тәуекел Мүсілім мен Санжар Мәди, шоумен және тележүргізуші Марат Оралғазин, коммуникация бойынша маман Әлішер Елікбаев, "Фридом Финанс" компаниясының бас директоры Тимур Турлов, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети