20 ақпан 2017 | 15:58

"Мен қолымнан келгенін жасадым" - КамАЗ жүргізушісі полиция көлігіне қалай соғылғанын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында полиция көлігіне соқтығысқан КамАЗ жүргізушісі оқиғаның қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысында полиция көлігіне соқтығысқан КамАЗ жүргізушісі оқиғаның қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

53 жастағы жүргізуші Қуаныш Нұрғазиннің айтуынша, оқиға Павлодар облысындағы Спутник ауылынан он шақырым жерде болды. "Мен жүк тиеп, Қалқаманға бара жатқанмын. Спутник пен Пограничник ауылдары арасында тіркемесі бар сары түсті Howo мені басып озды. Одан қар қатты шашырап, жол көрінбей қалды. Кенет ол тоқтай қалды, мен де тежегішті бастым. КамАЗды солға қарай тартып кетті, ал қар арасынан полицей көлігі атып шықты", - дейді КамАЗ жүргізушісі.

 

Оның айтуынша, жолдың бұл бөлігінде басып озуға тыйым салынған, ал жүк көліктері жылдамдығын сағатына 70 шақырымнан асырмауы керек. 

"Артымда келе жатқан КамАЗ жүргізушісі куәлік бере алады. Сары Howo алдымен оны озды, арамызда біраз жүрді де, мені басып озды. Тоқтаған сәтте мен тіркемесіне соғыла жаздадым, ол апат жағдайын туғызды. Мен 90 сантиметр қарсы бағытқа шығып кетіп, полиция көлігіне соғылдым, автобусты жанап өттім. Мен барынша тоқтауға тырыстым, қолымнан келгенін жасадым. Өкінішке қарай, Howo нөмірін көре алмадым, қар басып қалған екен", - дейді ол.

Куәгердің сөзінше, КамАЗбен соқтығысқан полицей көлігі және автобус жолдан шығып кеткен. Қазіргі кезде Қуаныш Нұрғазин ешқайда шықпау туралы қолхат жазып, үйіне жіберілді. Бүгін ол полицей жатқан ауруханада болып, әйелінен кешірім сұрады.

"Мен кешірім сұрадым, не болғанын түсіндірдім. Көмегімді ұсындым. Мен 30 жыл бойы рөлде отырған адаммын, үнемі байқап жүргіземін. Мен тезірек сауығуын тіледім. Әйелі менің кешірімімді қабыл алды", - дейді Нұрғазин.

 

Жүргізуші видео тіркеу құрылғысын болмағанын айта кетейік. Мұның алдында полиция көлігі мен автобуста та да видеотіркегіш болмағаны айтылған болатын. 

Еске салайық, Баянауыл аудандық ішкі істер бөлімі полициясының қызметкерлері қызметтік Lada Granta көлігімен балалар отырған автобусты алып келе жатқан. Балалар Павлодардағы шаңғы жарысына қатысуға бара жатқан. Кенет Павлодар-Астана автожолында Қалқаман ауылының маңында КамАЗ жүргізіп келе жатқан 53 жастағы жүргізуші қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен. Жүк көлігі мен балалар отырған автобус соғыспауы үшін полиция старшинасы Мұрат Нұрсейітов ойланбастан қызметтік көлікті жолға көлденең бұрып үлгерген. Осыдан кейін автобусқа қарай келе жатқан КамАЗ полиция көлігін соққан. Жол апатының салдарынан полицей түрлі жарақатымен Павлодардағы ауруханаға жеткізілген. Автобуста 18 бала және оларды алып келе жатқан төрт тәрбиеші болған. Қазіргі уақытта 39 жастағы полицей жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайын дәрігерлер аса ауыр деп бағалап отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети