22 мамыр 2018 | 13:12

Менингокок инфекциясынан үш адам қайтыс болды: Министрлік пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© infovoronezh.ru © infovoronezh.ru

Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой менингокок инфекциясына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой менингокок инфекциясына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-министр қазіргі уаықтта менингокок инфекциясы бойынша шамамен 21 жағдайдың тіркелгенін хабарлады. Олардың 18-і анықталып, расталған. Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта жағдайдың бақылауда екенін айтты.

"Жалпы жағдай тұрақты. (...) 2014 жылы 64 дерек тіркелді, ал қазір 21 дерек", - деді Алексей Цой. 

"Байбалам салудың қажеті жоқ. Бұл әр үш жыл сайын қайталанып тұрады. Өздеріңіз көріп отырғандай, бізде ауа райы суық. Мұнымен қоса, ауа райы тез өзгеріп жатыр. Осы процестердің дамуына бірінші кезекте салқын ауа райы әсер етіп отыр. (...) Меніңше, бұл жағдайды тек қатты жандандырып жатыр. Кезінде болған 66 дерек пен осы 21 деректі салыстырсаңыздаршы", - деді денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой.

Осыған дейін Алматыда менингокок инфекциясын жұқтырған баланың 4 сағат ішінде қайтыс болғаны жайлы хабарланған еді. Қалалық жұқпалы аурулар емханасының бас дәрігері Ержан Сералиннің айтуынша, әйел мен баласы шұғыл сепсистен қайтыс болған. Әйелдің ауруы асқынған назофарингиттен басталған.

Еске сала кетейік, мұның алдында Алматыда менингиттің тарағаны жөнінде хабарламалар тарап, дәрігерлер оған қатысты пікір білдірген еді. 

Менингокок инфекциясынан екпені қалай алуға болады?

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети