17 қыркүйек 2014 21:14

Метроны салып жатқан құрылысшылар су құбырларын зақымдап алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жұмысшылар "Москва" және "Сайран" станцияларының арасын жалғауда. ©Әлішер Ахметов Жұмысшылар "Москва" және "Сайран" станцияларының арасын жалғауда. ©Әлішер Ахметов

Метроның құрылысын жүргізу кезінде су құбырлары істен шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Холдинг Алматы Су" МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 


Метроның құрылысын жүргізу кезінде су құбырлары істен шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Холдинг Алматы Су" МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Соның салдарынан 17 қыркүйек күні сағат 16,00-ден бастап "Сайран" ықшам ауданындағы, Садовников көшесіндегі ғимараттар, Тұрғыт Озал, Гайдар, Мыңбаев, Абай даңғылдарында орналасқан үйлер суық сусыз қалды. Сондай-ақ, жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін Абай даңғылындағы  №198, 198 а, 200, 202, 202 а және 214-үйлерде де уақытша суық суық өшірілді. Апатты жағдайды ретке келтіру үшін "Су желісі" Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны іске кірісті, - дейді баспасөз қызметіндегілер. 

Бұдан бұрын қалалық әкімдік метроның жаңа станцияларының құрылысы белгіленген уақытта аяқталатынын хабарлаған еді. Автокөлік жолдары басқармасы метро құрылысының тиісті кесте бойынша жұмыс істеп жатқандығын алға тартады. Алайда бұған дейін "Алматықұрлыс" АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Ешмағамбетова метро станциялары 2015 жылдың басында өткізіліп берілетінін айтқан болатын. Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 12 тамызында "Метрожоба" институтының директоры Мұратбек Көлбаев "алматылықтар метроның "Москва" және "Сайран" станцияларын 1 желтоқсаннан бастап пайдалана алады" - деп уәде берген.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети