Миллиардтар жұмсалады, бірақ сапа төмен: мектептегі білім аудиті нені көрсетті?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz Фото ©️ Tengrinews.kz

Қазақстанда орта білім беруді дамыту мен сапасын арттыруға бөлінген қаражаттың тиімді пайдаланылуын бағалау бойынша аудит жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда орта білім беруді дамыту мен сапасын арттыруға бөлінген қаражаттың тиімді пайдаланылуын бағалау бойынша аудит жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аудит барысында орта білім беруді дамыту шараларының тиімділігін төмендететін бірқатар проблемалық мәселелер мен жүйелік кемшіліктер анықталды. Жоғарғы аудиторлық палатаның мүшесі Нұрлан Нұржановтың айтуынша, бұл мәселелер стратегиялық жоспарлау, білім сапасын бағалау, педагогтарды даярлау мен жұмыспен қамту, олардың қайта даярлау сапасы, білім беру процесін әдіснамалық қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік реттеу және бақылау салаларына қатысты.

Білім беру саласындағы стратегиялық жоспарлау мемлекеттік бағдарламалар мен тұжырымдамалардың жиі өзгеруімен сипатталады. Стратегиялық құжаттарға жүйелі түрде өзгерістер енгізу бұрын басталған бастамалардың үзілуіне әкеліп соғады, бұл білім беру саясатындағы сабақтастық пен тұрақтылықтың болмауына әкеледі.

"Оқу-ағарту министрлігі ең алдымен қабылданатын құжаттардың реформалардың жүйелілігін қамтамасыз етуіне мән беруі тиіс. Соңғы жылдары орта білім беруді қаржыландыру үш еседен астам өсті. Осы жағдайларда мемлекет қабылданатын шаралардан үлкен қайтарым күтеді", – деді Жоғарғы аудиторлық палатаның басшысы Әлихан Смайылов.

Аудиторлық қорытындыға сәйкес, педагогтарды даярлау бойынша мемлекеттік тапсырыс қалыптастыруда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің болжамдары мен білім беру жүйесінің нақты қажеттіліктері арасында айтарлықтай айырмашылықтар анықталды. Бұл есептеу әдістемесінің кемшіліктерімен түсіндіріледі.

Біліктілікті арттыру тұрғысынан негізгі проблема – педагогтарды посткурстық қолдаудың жеткіліксіздігі. Бұл жүйе мұғалімдерге жаңа білімді практикада қолдануға көмектесуі керек, алайда іс жүзінде тек семинарлар мен баспа материалдарымен шектеледі.

"Білім беру стандарттарын реформалау жүйесіз жүргізіледі. Оқу жоспарларындағы жиі өзгерістер бұрын шығарылған оқулықтарды қайта қарауға және бюджет қаражатын тиімсіз жұмсауға әкелді. Соңғы 5 жылда оқулықтарды қайта қарау салдарынан экономикалық шығындар 16 миллиард теңгеден асты. Оқулықтардың сапасын сараптау мен мониторинг жүргізуде де кемшіліктер анықталды. 5 жыл ішінде бағалау критерийлері 12 рет өзгертілген, бұл тұрақты бағалау жүйесінің жоқтығын көрсетеді. Мемлекеттік қызметтерді мониторингтеу бойынша ақпараттық жүйе арқылы сараптама жүргізу тәртібі іске асырылмаған, барлық рәсімдер қағаз жүзінде жүргізіледі", – делінген Жоғарғы аудиторлық палатаның хабарламасында.

Жалпы, мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша:

  • 1,1 миллиард теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылықтар,
  • 62,4 миллиард теңге көлемінде қаражат пен ресурстарды тиімсіз жоспарлау,
  • 3,2 миллиард теңге көлемінде тиімсіз қаражат пайдалану анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer