03 сәуір 2018 13:13

Министр Абаев Қазақстандағы сөз бостандығы деңгейіне баға берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстандағы сөз бостандығы деңгейіне 10-балдық шкала бойынша баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстандағы сөз бостандығы деңгейіне 10-балдық шкала бойынша баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ішкі ойым сөз бостандығы 10 балдық шкала бойынша - 7-8. Біздің ұмтылатын межелеріміз бар", - деді Абаев үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап бере отырып. 

Ол журналистердің кез келген сұрақты қоя алатынына және ол үшін ешкім де "жұдырық ала жүгірмейтінін" айта кетті. 

Министр халықаралық рейтингтер көрсеткіші басқа екенін, алайда оған әсер етуші факторлардың бар екенін түсіндірді. 

"Өкінішке қарай, сауалнама әдісі болғанда, маманның бағасына қарағанда субъектив бола түседі", - деді Абаев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети