Министр Арыста зардап шеккен екі баланың денсаулығына алаңдаулы

05 Шілде, 16:07
0
Министр Арыста зардап шеккен екі баланың денсаулығына алаңдаулы - © ves-novgorod.ru
© ves-novgorod.ru

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Арыстағы жарылыстар кезінде зардап шеккендердің жағдайын баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Зардап шеккен үш адам әлі жансақтау бөлімінде жатыр, оның екеуі бала. 57 адам ауруханадан шығарылды, 19 адам стационарлық емдеуде. Бес науқас Таразда, 15 адам - Түркістан қаласында, Алматыда екі адам жатыр. Нұр-Сұлтандағы медициналық мекемеде екі адам ем қабылдап жатыр. 

"Бүгінде екі науқастың жағдайы ауыр. Бір бала Нұр-Сұлтан қаласындағы № 2 қалалық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр және 17 жастағы жас жігіт - Шымкент қаласындағы облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде", - деді Біртанов брифингте. 

Министрдің айтуынша, қаладағы төтенше жағдай салдарынан орталық аудандық аурухана ішінара зақымдалған. Жарылыс толқынынан терезелер сынып, шатыр зақымданған, ішкі және сыртқы есіктер бүлінген. 

Ол емхана шатырына снаряд құлап, осыған байланысты ғимарат төбесі жартылай зақымданғанын атап өтті. Қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Мұның алдында жалпы медициналық көмекке 409 адам жүгінгені, оның ішінде 80 адам ауруханаға жатқызылғаны мәлім болған.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай