Министр Астананың екінші әуежайы нақты қай жерде салынуы мүмкін екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр Астананың екінші әуежайы нақты қай жерде салынуы мүмкін екенін айтты Фото:depositphotos.com

Көлік министрлігі Астанадағы екінші әуежай салынуы мүмкін орындардың бірін атады. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Көлік министрлігі Астанадағы екінші әуежай салынуы мүмкін орындардың бірін атады. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Журналистер министрден елорданың екінші әуежайының орны анықталды ма, жобаның инвесторы кім болуы мүмкін және құрылыс мерзімдері қалай қарастырылып жатқанын сұрады.

Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта екі негізгі орын қарастырылып жатыр.

"Балқарағай жағындағы орынға басымдық беріліп отыр. Нақты шешім техникалық-экономикалық негіздемеден кейін белгілі болады. Жұмыс әлі аяқталған жоқ. Негізгі екі орын бар. Соның бірі әрі бастысы - Балқарағай бағытында", - деп қайталады министр.

Сондай-ақ ол ықтимал инвестор мен жобаның құны туралы сұраққа жауап берді. Сауранбаевтың сөзінше, ірі әуежай құрылысы қомақты инвестиция мен технологиялық серіктесті талап етеді.

"Жаңа әуежайлар ауқымды болып салынғандықтан, ол жаққа айтарлықтай үлкен инвестиция қажет. Қазір серіктес таңдау жүріп жатыр. Ірі әуежайлар сала алатын технологиялық серіктес те, инвестициялық серіктес те керек", - деді министр.

Министр бұл жоба Астана әкімдігінің құзырында екенін айта кетті.

"Қазір келіссөздер жүріп жатыр. Аталған жоба Астана әкімдігінде, олар бірқатар компаниямен келіссөз жүргізіп жатыр. Әзірге келіссөздердің егжей-тегжейін аша алмаймын", - деді Сауранбаев.

Мән-жайы

Еске сала кетейік: 2025 жылдың желтоқсанында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Астанада жаңа әуежай салынуы мүмкін екенін айтқан болатын. Қала басшысының айтуынша, бірнеше әуежай салу тәжірибесі әлемдегі ірі астаналардың көбіне тән. Елорданың бас жоспарында әуе айлағының ықтимал құрылысы үшін перспективалы учаскелер қарастырылған.

Сол кезде жаңа әуе айлағын Қарағанды тас жолының бойында орналастыру жоспарланып жатқаны хабарланған болатын.

Кейін елорда әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев Астанада жаңа әуежай салу үшін бірнеше ықтимал алаң қарастырылып жатқанын айтты.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 467.69   543.24   6.46 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер