18 мамыр 2017 12:25

Министр БЖЗҚ-ның Әзірбайжан банкіндегі инвестицияларына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов. Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БЖЗҚ-ның Әзірбайжан банкіндегі инвестицияларына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БЖЗҚ-ның Әзірбайжан банкіндегі инвестицияларына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менің түсінуімше, мұнда мәселе қиын жағдайда қалған Әзірбайжан банкіндегі зейнетақы жинақтары жайында. Біз дипломатиялық арналар арқылы Әзірбайжанның қажетті құрылымдарымен белсенді түрде жұмыс істейтін боламыз", - деді Қайрат Әбдірахманов үкіметтегі брифинг барысында.

Осыған дейін Әзірбайжан БЖЗҚ-ның Халықаралық банкке салған ақшасын қайтарып беруге уәде берген еді. "Міндеттер қайта құрылымданған соң Халықаралық банк таза табыспен жұмыс істейтін болады. Сондықтан енді банкте ешқандай проблема болмайды. Оларға алаңдаудың қажеті жоқ. Қазақстанда негізсіз шу шығып кетті", - деген еді сарапшы Акрам Гасанов. 

Сондай-ақ, сарапшы Рахым Ошақбев БЖЗҚ-ның инвестициялауына қатысты пікір білдірген еді. Оның айтуынша, БЖЗҚ активтерінің 71,3 миллиард теңгесі Әзірбайжанның халықаралық банкіне салынған. "Осылайша, зейнетақы активтерінің сақталуына қатысты үлкен қауіптер пайда болуы мүмкін", - деген еді сарапшы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети