Министр Ермекбаев "сауап" сөзінің мағынасын түсіндіріп берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметі © Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев "сауап" сөзінің мағынасын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев "сауап" сөзінің мағынасын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Дін жолында "сауапты іс" жасау үшін тек қана мешіт салу міндетті емес. Қоғам үшін пайдалы болып есептелетін кез келген игі істі жасауға болады. Оның ішінде мектептер, ауруханалар, жол салу, көпір салу секілді қоғамға пайдалы кез келген іс сауапқа жатады. Қордың жұмысы аталған мәселені шешуге бағытталған. Ол қайырымдылық жасау жолындағы істерді тиімді жүйеге салуға үлес қосады. Ең бастысы - бәрі ашық және қоғам үшін пайдалы болуы тиіс", - деді Нұрлан Ермекбаев "Уақып" корпоративтік қайырымдылық қорының таныстырылымында.

Cондай-ақ, министр "Уақып" қорының қаражаты діни ғимараттар мен әлеуметтік нысандарды салуға, діни қызметкерлер мен кедейлерге, жұмыссыздар мен мүгедектерге қолдау көрсетуге арналған жобаларды іске асыруға бағытталатынын айтты.

Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, мұндай мекемелер қайырымдылық жасау дәстүрлері қалыптасқан көптеген елдерде кең таралған.

"Вакф" Институты мұсылман елдерінің халықтары арасында кеңінен қолданылады, сондай-ақ арнайы құрылған "Вакф" министрліктері де жұмыс істейді. Аталған жүйе қазірдің өзінде Таяу Шығыстағы ислам елдерінде ғана емес, сонымен қатар зайырлы мемлекеттерде де жүзеге асырылуда. Мысалы, Ресей Федерациясының кейбір өңірлерінде, Қырғызстан мен Түркияда бар", - деді министр.

Ведомство мәліметінше, шараға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінен бөлек Қазақстанның Бас мүфтиі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан Малғажыұлы, мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 498.57  course up  522.2  course up  5.46  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer