28 маусым 2022 11:06

Министр Ерұлан Жамаубаев қанша жалақы алатынын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қанша жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қанша жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біріншіден, мен Қаржы министрлігінде аламын (жалақы - еск.) және премьер-министрдің орынбасары ретінде қосымша төлейді. Шамамен жалақы 1,5 миллион теңге болады. Бұл жалпы алғанда. Мен өз декларациямды беруге дайынмын", - деп жауап берді Жамаубаев.

Сондай-ақ, қаржы министріне шенеуніктер өзінің табыс туралы декларациясын жариялай ма деген сұрақ қойылды.

"Бұл мәселе жалпы талқыланып жатыр. Біз, мемлекеттік қызметшілерміз, сіздер онсыз да жалақымызды білесіздер. Жыл сайын декларация тапсыратындар - мемлекеттік қызметшілер. Біз жалпыға бірдей декларациялау жолындамыз және 2025 жылға қарай республикамыздың барлық азаматы жыл сайын декларация жариялап, тапсыратын деңгейге жетеміз. Сонда бәрі бәріне белгілі болады", - деп жауап берді ол.

Еске салайық, Қазақстанда кірістер мен мүлікті жалпыға бірдей декларациялау төрт кезеңнен тұрады. 2021 жылдан бастап декларацияны мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары, 2023 жылдан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері тапсырады. 2024 жылдан бастап заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, 2025 жылдан бастап барлық қалған санаттағы азаматтар декларация толтырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети