Министр ЖОО-ларда оқу бағасының неліктен қымбаттап кеткенін түсіндірді

26 Шілде 2017, 11:40
3
Ерлан Сағадиев. © Тұрар Қазанғапов
Ерлан Сағадиев. © Тұрар Қазанғапов

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жоғары оқу орындарындағы оқу бағасының неліктен қымбаттап жатқанын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сағадиев қазақстандық ЖОО-лардағы бағаларды қымбаттату жемқорлық пен оқу орнына түсу үшін кезекке тұрудан арылуға көмектеседі деп отыр.

"Жоғары оқу орындары осындай жоғары бағалар болса да, онда студенттер түседі деп ойласа, онда олардың айтып отырғандары дұрыс. Мен осыған дейін де айтқанмын, бұл нарық және қызмет түрі. Мен министрлік жекеменшік ЖОО-ларға оқудың бағасын қанша етіп қою керектігін айтып отыруы тиіс деп ойламаймын. Әйтпесе, бізде қайтадан жемқорлық, кезекке тұру және тағы басқалары басталып кетеді", - дейді министр. 

Оның айтуынша, бұл мәселеде бәсеке мен нарық шарттарына ғана сенуге болады.


Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай