Министр Қасымов жалған аккаунт арқылы тіл тигізетіндерді қалай жазалауға болатынын түсіндірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тengrinews © Тengrinews

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ғаламтор арқылы тіл тигізіп, жала жабатын аноним пікір білдірушілерді қалай жазалауға болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ғаламтор арқылы тіл тигізіп, жала жабатын аноним пікір білдірушілерді қалай жазалауға болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мұндай сұрақ электронды үкімет сайтындағы "Ашық диалог" бөлімінде пайда болды. 

Тіл тигізу, соның ішінде Ғаламтор арқылы да қылмыстық жазаға әкеледі. "Тіл тигізу" бабы сотта дербес қаралады. Дегенмен өзіне тіл тигізген адамға арыз беру үшін ол туралы мәлімет беріп, оның қайда тұрып жатқанын білу керек. 

Алайда Ғаламтор арқылы былапыт сөз жазатындар шынайы аты-жөнін көрсетіп тіркелмейді. Олар әлеуметтік желіде  жалған аттар пайдаланады. Ал ондай адамдарды сотқа бере алмайсың деп налыды сұрақ авторы. 

"Vk.com және facebook.com мұндай аккаунттар туралы ақпаратты (электронды пошта, ұялы телефон нөмірі, желі қолданушысының орналасқан жерін анықтауға болатын IP-мекен жай) тек полицияға береді. Менің сұрағым, құқық қорғау немесе өзге органдар бүгінде әлеуметтік желіде өз атын көрсетпейтін осындай қолданушыларды анықтай ала ма? Егер мұндай мүмкіндік болмаса, кез келген адам өзге аккаунт арқылы Ғаламторда әрбір адамды кемсіте бере ме?", - деп қойды сұрағын қолданушылардың бірі. 

Қасымов ішкі істер органдары қазіргі таңда жалған ат апайдалантын желі қолданушыларын анықтай алатындай техникалық мүмкіндікке ие екенін айтты. 

Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша, әлеуметтік желіде тіл тигізу ҚР ҚК-нің 131-бабының 1-тарауы бойынша жазаланады. 

"Мұндай құқық бұзушылық үшін 200 АЕК түрінде айыппұл, не осы көлемде түзету жұмыстары, не 180 сағат қоғамдық жұмыс түрінде жазалар қарастырылған. Қазіргі кезде ішкі істер органдары жалған аккаунт арқылы тіркелген желі қолданушыларын анықтауға болатындай техникалық мүмкіндіктерге ие. Бірқатар жағдайда халықаралық келісім негізінде шетелдік құқық қорғау органдарына сұраныс жолданады. Сонымен бірге, Қылмыстық процесстік кодекстің 32-бабына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық ҚР ҚК-нің 131-бабымен сотта қаралатын дербес сипаттағы істер қатарына кіреді. Ішкі істер органдарына мұндай арыздар түскен жағдайда Қылмыстық процестік кодекстің 179-бабының 2-тарауы бойынша іс сотқа жолданады. Дәлелдерді жинау, зерттеу және өзге де процестік іс-әрекеттер тікелей сотқа қарасты", - деп жауап берді министр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.51  course up  572.36  course up  6.34  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer