09 шілде 2020 11:52

Министр Қазақстанда қатаң карантин режимін ұзартуға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда қатаң карантинді ұзарту туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда қатаң карантинді ұзарту туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, қатаң карантин мерзімі ұзара ма, жоқ па - екі апталық карантин аяқталған соң ғана белгілі болады.

"Кез келген мерзім инкубациялық кезеңмен байланысты болуы керек, яғни 14 күн. Қазір біз кішкене болса да нәтижелерді көріп, қарап отырмыз. Бірақ оның нақты тиімділігі туралы біз екінші аптада немесе екі апта толық өткен соң байқаймыз. Яғни баға берілген соң, карантин аяқталар кезде карантин ұзара ма немесе қатаң шаралар күшейтіле ме - белгілі болады. Бұл мәселені біз қазір отандық мамандар мен шетелдік әріптестерімізбен талқылап жатырмыз", - деді министр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети